-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Қытайға неге Тоқаев емес, Назарбаев барды?

    Абаевтың айтуынша, Назарбаев Қытайға құрметті қонақ ретінде шақырылған екен.

    Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Бейжіңдегі форумға неліктен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Министр Назарбаевтың Бейжіңге «Бір белдеу, бір жол» форумының құрметті қонағы, сондай-ақ Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің досы ретінде шақырылғанын атап өтті.

    «Бәріміз білетіндей, ескі достыққа деген құрмет – Қытай билеушілерінің ежелгі дәстүрі», — деді Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

    Сонымен қатар, ол «Бір белдеу, бір жол» жобасы туралы алғаш рет Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында айтылғанын еске салды.

    «Елбасының басшылығымен біздің еліміз бұл бастаманы жүзеге асыруда жетекші рөлге ие болып келеді», — деді министр.

    Сондай-ақ, Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайда жоғары «Достық» орденімен марапатталғанын атап өтті. Шетелдік көшбасшылардың ішінде бұл орденмен Владимир Путин ғана марапатталған болатын, деді ол.

    Еске сала кетсек, 26 сәуірде Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы өтті. Форум аясында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

    қатысты посттар

    Мұхтар Жәкішевтің соттағы соңғы сөзі

    Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында маңызды отырыс өткізбек

    Әлемдік саясаткерлер мен лидерлер Нотр-Дамдағы өртке байланысты париждіктерге көңіл айтты

    Пікір қалдыру

    fourteen + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.