2.7 C
Алматы
Четверг, 26 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ОқиғаСаясат

    Ресей АЭС-ті Өзбекстанда салатын болды

    Өзбекстан мен Ресей атом электр станциясының қай жерге салынатыны туралы ортақ шешімге келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. Бұл — Өзбекстан аумағында салынғалы жатқан алғашқы АЭС.

    Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстан президентімен болған кездесуден соң: «Президент Шавкат Мирзаев АЭС туралы жобаның дамып келе жатқанына ризашылық білдірді және жоба жүзеге асырылатын аумақ туралы да ортақ мәмілеге келдік «,- деп мәлімдеді.

    Сонымен қатар, жақын арада Ресей мен Өзбекстан арасында осы тақырып аясында кеңес отырысы өтетінін де айтып өтті.

    Өзбекстан президенті 8 ақпанда елдегі атом энергетикасын дамытудың 2019-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен болатын. Тұжырымдаманың басты мақсаты жалпы қуаты 2,4 ГВТ болатын АЭС- тың құрылысын және қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Станцияның құрылысы 2022 жылы басталып, Ресей үкіметінен тартылатын несие есебінен жүзеге асырылмақ.

    қатысты посттар

    Адамдар зардап шегіп, үйлер қираған: Аягөзде қатты дауыл тұрды (фото, видео)

    Фариза

    Алматыда кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлап кетті

    Фариза

    Қордайдағы қақтығыс кезінде 8 адам қаза тапты

    Пікір қалдыру

    fifteen − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.