Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ҚоғамОқиға

    Балабақша меңгерушісі балаға ұрысып, жерді сүйгізді — видео

    Әйел адам сәбиді балағаттап, тізерлеп жерді сүюге мәжбүрлеген, деп жазады sputniknews.kz сайты.

    Ресейдің Краснодар қаласында балабақша меңгеруші бүлдіршінді басқа балалардың көзінше балағаттап, жерді сүйгізді.

    Әйел адамның балаға тіл тигізіп жатқаны түсірілген видео желіде жарияланған.

    Балабақша басшысы балаға «тізерле» деп айғалап, артынша өзі жұлқып, жерге отырғызды. Бейнежазбада әйелдің сәбиді «оңбаған, жексұрын» деп балағаттап жатқаны анық естіледі.

    «Кубанские новости» басылымы жазғандай, оқиғадан кейін балабақша жұмысшысы қызметінен босатылатын болды. Бұл туралы Краснодар қаласы білім басқармасының директоры Алексей Некрасов хабарлапты.

    Оның айтуынша, әйел адам жуық арада жұмыстан шығарылады.

    «Меңгеруші өрескел қылық танытып, баланың намысына тиді, психикалық қана емес, физикалық қысым көрсетті. Осы әрекетімен басқа балалардың да намысын аяқ асты етті», — деп түсіндірді шенеунік.

    Ал балабақша басшысы бүлдіршінді  «бұзық бала» деп ақталған. Оның айтуынша, сәбиі «орыстарды және Ресейді жек көремін» депті.

    Осы жайтқа қатысты полиция тексеріс бастады.

    қатысты посттар

    «Мұсылманның қанын мұсылман жүктемеуі керек», — депутат Смағұлов Қордайдағы жанжалдың қалай басталғанын айтты

    «Осы ту әбден көзіме жиіркенішті көрініп жүр“ Түркістан облысында сақалды жігіт қазақтың көк туын аяққа таптады (ВИДЕО)

    Фариза

    136 пассажир мінген ұшақ өзенге құлап батып кетті

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.