-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Фотосурет

    Алматыдағы адам аяқ баспайтын қорқынышты жерлер

    Кез-келген аймақта адам аяғын аттап басуға қорқатын зәулім ғимараттар, жартылай соғылған нысандар немесе белгілі бір тылсым күшке ие орындар болады. Аталған жерлерден адамдар әртүрлі түсініксіз бейнелерді, дыбыстарды байқап, содан кейін әңгіме тараған үстіне тарай береді.

    Бүгін сіздердің назарларыңызға Алматы шаһарындағы көптің көкейінде үрей орнатқан мистикалық орындар туралы ақпаратты ұсынамыз. Qamshy.kz ақпарат агенттігі бұл ақпаратты El.kz порталының мағлұматтарына сүйене отырып жазды.

    1. Қаңыраған ҰОС госпиталі

    Госпиталь

    Аталған госпитальді өткен ғасырдың 40-жылдары ҰОС ардагерлері мен мүгедектері тұрғызған. 90 жылдары мұнда Ауғанстан соғысының ардагерлері ем қабылдаған екен. Қатты жер сілкінісі емхананың шатырын зақымдаған соң, емхана бос қалады. Десек те, қаңырап қалуына тек табиғат апаты ғана себепкер емес секілді. Мұнда дәрілік заттар, орындықтар әр жерде шашылып жатыр. Ал кіреберіс есігі құбыжық кіріп кетердей немесе ішіндегі елес атаулылары сыртқа шығып кетпесін дегендей тас бекітілген. Бұл орын Алматыдағы елестер мекендейтін атақты жерге айналған.

    2. «28 панфиловшылар» саябағы

    Саябақ

    Алматылықтар үшін демалыс орнына айналған саябақта қандай мистикамен байланысты оқиғалар болып тұрады дейсіз ғой?… Музыка аспаптарының мұражайына қарама-қарсы беттен ылғи ақ көйлектегі қыздың елесі жүреді екен. Сондай-ақ, осы маңдағы шіркеудің астында жер асты жолы бар-мыс. Онда төрт тонналық қоңырау жатуы мүмкін. Қоңырау жер сілікінісі болардың алдында соғылып, дыбыс береді екен.

    3. Қапшағай тас жолы

    Тас жол

    Жыл сайын Қапшағай тас жолында көптеген келеңсіз жайттар болып жататыны жасырын емес. Кейбіреулер аталған жолдың астында мазар бар десе, кейбірі осы жолда қайтыс болғандардың аруағы маза бермейді деп жатады. Сондай-ақ, түн ауасында тұяқты қыздың бейнесін көрген адамдар да жетерлік. Ол жол жиегінде көлік тоқтатып тұрады екен. Сол себепті, жүргізушілер бұл маңнан темір тұлпарларына ешкімді отырғызбауға тырысады.

    4. Баум тоғайы

    Баум тоғайы

    «Мен бұл маңға жайсыз сезіммен беттедім. Бұрын ауылдағы тоғайдан көрген бейне көз алдыма келгенде, тіпті тілім байланып, біреу үстімнен суық су құйып жібергендей болды. Қасымдағылар да біртүрлі күйді бастарынан өткергендерін айтты. Бірақ ешқандай елес көрмепті» дейді Әнуар есімді жігіт. Расымен, көпшілік мұнда елестердің ары-бері жүретіні жайлы жиі айтады. Бұрын мұнда архиепископты қинап өлтірген дейді (маза таппай жүрген соның аруағы болуы мүмкін). Ол өлердің алдында Баум тоғайына шіркеудегі қасиетті затты жасырып кетіпті.

    5. Жер асты шіркеуі

    Шіркеу

    Медеу маңында Серафим мен Анатолий есімді екі монах тұрғызған скит (монастырь) бар. Успен шіркеуіне қараған бұл скит өткен ғасырда ылғалдың көптігінен төмен түсіп кеткен. Ел аузында ол жерді аруақтар мекен етеді деген аңыз тарап жүр. Кейбіреулері монастырьды салған екі монахты осы жерде өлтіріп кеткенін айтады. Міне, солардың аруақтары тыным таппай келушелірді жиі мазалайды екен.

    6. Медеудегі аруақтар мекен ететін үй

    Аруақтар

    Бұл үй негізі мейрамхана болуы керек болған. Бірақ, құрылысты жүргізгендер жиі мистикалық оқиғаларға тап болған соң, ары қарай жұмыс жүргізуден бас тартқан. Содан бері үй қаңырап бос тұр. Мұнда келушілердің көбісі үйді ашулы елес мекен етеді дейді.

    7. «Қазақстан» кинотеатры

    Кинотеатр

    Кинотеатрдың астында бұрын адамдар кіріп-шыға беретін үңгір болған дейді. Онда құрылыс барысында қаза болғандардың елесетері жүреді-мыс. Кинотеатрда жұмыс істейтін қызметкерлер төменнен адамның жүрген дыбысын жиі еститіндіктерін айтқан. Тек төменнен емес, түнге кезекшілікке қалған күзетші кинотеатр ішінде орындықта отырған адамның елесін көргенін мәлімдеген.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысының Отар елді мекенінде «Арми-2019» оқу-жаттығу жиыны өтті

    «Арыстың бүгінгі көрінісі» Арыс қаласын қалпына келтіруге уәде еткен басшылық сөзінде тұра алды ма? (фото)

    Үйленген соң бойдақ жігіттің өмірі қалай өзгереді?

    Пікір қалдыру

    seventeen + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.