-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 29 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!» Нұр-Сұлтанда қыздар жалаңаштана шешініп жарысты

    «Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!». Осындай желеумен Нұр-Сұлтандағы түнгі клубтардың бірінде жабық есіктің ар жағында ересектерге арналған шоу өтіпті. Оның несі жаңалық десеңіз айтайын, демалуға келген жандардың алдына бір топ қыз шығып би билеп, жалаңаштана бастаған. Төсін көрсетіп көпшіліктің таңдайын қақтырған бойжеткендердің бұл әрекетін көңіл көтеру орталығы өнер деп бағаласа керек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    Нұр-Сұлтан түні көңілді. Бұрындары мұндай вечерлердің атын атап, түрін түстемеуші еді. Қазір ашық насихаттап, клиент жинауға көшкен. Елорда тұрғындары болса «бұдан асып енді не ойлап табар екен» деп топшылауда.

    «Барып демалып көруге болады жас болғаннан кейін. Бірақ олай шешініп өз-өзін жалаңаштандыру өздеріне болмаса да келешек ұрпаққа, мемлекетке өте жаман әсерін тигізеді деп ойлаймын».

    «Енді қазір заманауи , западқа қарап сөйтіп жүр. Бірақ бізге ол жақпайды, қазақ еліне, қазақ қыздарына».

    «Ол дұрыс емес. Біздің қазақ еліне орысша айтқанда «позор».Ол ұят, олай істеуге болмайды».

    «Позор! Ұят қой!» — дейсіз бе?! Жоқ! Бұл тек бастамасы ғана. Мысалы мына видеодағы қыздар қымбат маркалы ұялы телефон үшін жарыса шешініп жатыр. Қайсысы бүкіл киімін бірінші болып жерге тастайды, сыйлық сонікі.

    «Еркіндік, демократия дейміз. Оның үстіне гендерлік теңдік дейміз. Қыздар ер адамдармен тең болуы керек. Олармен тең деңгейде қоғамнан орын алуы керек. Барлық деңгейде тең болуы керек дейміз. Бірақ, бұл мәселенің екі ұшы бар ғой. Теңдік деген мәселені өкінішке орай білімді көзі ашық адамдар дүрыс түсінер. Білім алу, еңбек етудегі теңдік дегенді», — дейді қоғам белсендісі Айша Құрманғали.

    Бұл сайыстың бас жүлдесі де қызық енді. Қыздардың қайсысы кеудесі мен бөксесін бірінші болып көрсетсе, соған ерінін үлкейтуге мүмкіндік беретін сертификат ұсынылған екен. Жарыс деп осыны айт.

    Ақын Ұларбек Дәлейұлы «мәселенің бәрін жиып алып заманға, одан қалды жаһандық дамуға итере салу өтпейді» — дейді.

    «Жаһандық үрдіс болса Өзбекстанда мұндай жағдай неге болмайды мысалы. Түрікменнің қыздары неге олай жалаңаш жүрмейді. Бұл біздің қазақ қоғамының тым қатты жалпақ шешейленіп кеткенінің, сосын бізден кейінгілер не болса ол болсын деген көзқарастағы қоғамдық саясаттың жемісі деуге болады. Өзіміздің, еліміздің жалғасы осы жас қыз-жігіттер ғой. Оларды дұрыс жолға салып тәрбиелей алмасақ қалай «Ұлы дала елі»боламыз?» — дейді әлеуметтік ғылымдар магистрі, ақын Ұларбек Дәлейұлы.

    Қоғам белсенділерінің ұсынып отырғаны мынау: ел боламыз десек, ұлттық құндылықтарға негізделген идеология керек. Мұндай масқаралардың саны көбеймей тұрғанда заңның да кей тұстарын қатаңдату қажет деп отыр. Олай істемейді екенсің, түнделетіп клубта шешінген қыздарың, ертең тапа-тал түске төсін көрсетуден тайынбайды.

    қатысты посттар

    Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

    Фариза

    «Концертке барғымыз келмейді» — Димаш пен Қайраттың тыңдармандары желіні шулатты

    «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанова апай қайтыс болды

    Пікір қалдыру

    19 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.