-14.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Алғашқы әйел үміткер: Дания Еспаева туралы не білеміз?

    «Ақ жол» демократиялық партиясы алдағы президент сайлауына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды

    Қазақстанда президенттікке үміткер алғашқы әйел Дания Еспаева 1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртүк ауданы Яйсан кентінде дүниеге келген.

    1982 жылы Алматы есептік-кредиттік техникумды, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолы

    Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкі Ақтөбе облыстық басқармасы несиелеу бөлімінің экономисі болып бастаған.

    Әртүрлі жылдары «Әлем банк» Ақтөбе облыстың басқармасы кредит бөлімінің бас маманы, несиелеу бөлімі басшысының орынбасары, «БТА банк» АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары, «БТК Банк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры қызметтерін атқарды.

    2016 жылдың наурызынан бері – мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

    Банк жүйесінде 1982 жылдан бері жұмыс істеген, бұл саладағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды.

    Басқа да қызметтері

    2008 және 2012 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    «Атамекен» одағы Ақтөбе филиалы басқармасының мүшесі, Ақтөбе облысы өңірлік үйлестіруші кеңестің мүшесі болды.

    Марапаттары

    2011 жылы «Құрмет» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталған.

    Отбасылық жағдайы

    Екі ұлы мен екі немересі бар.

    Дереккөзі: Sputnik Қазақстан

    қатысты посттар

    Есірткіге тәуелді Айсұлтан шетелде отырып, халықты ереуілге шақыратындардың қуыршағына айналып бара ма?

    Басы дауға қалған Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды

    Зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.