4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    Министр: «Өз ойым» бағдарламасын жаба алмаймыз…

    Абаев «Өз ойым» бағдарламасын жабуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды baq.kz порталы.

    Бүгін елордадағы «Нұр-Отан» партиясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғамдық қабылдау өткізді.

    Жиын барысында Алматыдан онлайн қосылған танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы 7-арнада күнделікті тікелей эфирде шығатын «Өз ойым» бағдарламасын жабуды сұрады. 

    «Құрметті, Дәурен Әскербекұлы! Мен 15 жылдан бері тележурналистикада жүрмін. Қазіргі кезде әлеуметтік желінің өте белсенді қолданушыларының бірімін. Инстаграмда менің жазбаларымды 2,5 миллион адам оқиды. Сізбен фейсбукте дос емеспіз. Сондықтан «Нұр-Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты белгілеп, осы бағдарлама жайлы бірнеше рет жаздым. Бұл жайлы ең алғаш «жайдарманшы» Нұрболxан Шарапов бастады. Оны журналист әріптесім Асxат Садырбай қостады. Күндізгі 15:00-де бұл бағдарлама тікелей эфирде шығып, анайы тақырыптарды жиі қозғайтын болған. Әсіресе, «қыздық пердені» саудалаушылар бет-бейнесін жаппай эфирге шығып жүр. Қазір осыны естіген Қытай, Қырғызстанның ақпарат құралдары бізге күліп, «қазақ қыздары қыздық пердесін 1 миллионға сатады» деп жазып жатыр. Осы жағдай бізге абырой әпермейтінін жақсы білесіздер. Сондықтан осы сарындас бағдарламаларды жабуды сұраймын», — деді журналист. 

    Ал министр өз жауабында «Өз ойым» бағдарламасын жаба алмайтынын және оған құқығы да жоқ екенін айтты.

    «Бибігүл Дәулетбекқызы, сізге алғыс білдіремін. Өзіңіз секілді азаматтардың елдің болашағына алаңдап, қоғам үшін жаны ашығаны қуантады. Бірақ «Жетінші арна» жекеменшік арна. Мен тек заң аясында ғана шара қолдана аламын. Егер «Өз ойым» бағдарламасы терроризм секілді заңда тыйым салынған тақырыптарды насиxаттайтын болса ғана біз тоқтата аламыз. Ал басқа жағдайда біздің құзырымыз жоқ. Сосын мынаны айта кетейін, өздеріңіз осындай жиын кезінде «Ана бағдарламаны жап, мынаны жап» деп айтасыздар да, кейін министр сөз бостандығына шектеу қойып жатыр деп тағы шулайсыздар», — деп түсіндірді Дәурен Абаев. 

    Министр сөз соңында журналист Бибігүл Дәулетбекқызы «Өз ойым» секілді xайп қуған бағдарламаның орнына руxани балама жоба жасайтын болса, эфирге шығаруға дайын екенін айтты.

    қатысты посттар

    Дана Нұржігіт: 11 рет ЭКО жасатып, баламды өмірге әкелгенде, күйеуім сатқындық жасады

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    Павлодарда әскери қызметкер қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.