16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    ӘЛИ ТҰРҒАНБЕКОВ ЛИОНЕЛЬ МЕССИМЕН КЕЗДЕСТІ

    Аяқсыз дүниеге келген елордалық Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен және «Барселонаның» басқа да жұлдыздарымен кездесті.

    Әли аргентиналық футбол жұлдызымен суретке түсіп, оған қазақстандық шоколад сыйлады. Бала клубтың жаттығуында және Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында болған.

    «Әрине, ішімде көбелектер ұшып жүрді, әсіресе, Месси басымды сипағанда. Кейін бірдеңе деді. Құдайға барлығы үшін рақмет! Алла Тағалаға сеніңіз, тек одан сұраңыз, барлығы оның қолында! Мен армандадым, ата-анам орындауға тырысты, ал Алла бәрін жасады», — деп жазды Әли Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетсек, наурыз айында Әли Украинаның футбол құрамасымен және команданың бас жаттықтырушысы Андрей Шевченкомен кездесті. 2018 жылы «қазақстандық Вуйчич» Марадонамен және ПСЖ футбол клубының жұлдыздарымен жүздескен еді.

    қатысты посттар

    Олимпиададағы сәтсіздікке кім кінәлі?

    Фариза

    Допингпен тағы да Қазақстанның жеңімпаз спортшылары ұсталды

    Фариза

    «Сені мазаққа айналдыратын еліңнің туын не үшін көкке көтеруің керек» Қуат Хамитов Тоқаевтан спортшылар мәселесін шешуді талап етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.