Четверг, 8 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • АвтоОқиға

    Қордай маңында автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты

    Жамбыл облысында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы — Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан.  Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.  Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Д.Құсайынов, облыстық полиция департаментінің басшысы, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және қорғаныс істері басқармасының басшылары аттанды. Апат-құтқару жұмыстарына 50 адам жұмылған. Сондай-ақ құтқару қызметінің 15 дана техникасы тартылған.  Облыс әкімдігі дереу жедел штаб құрып, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті психологтар кезекшілік ететін «Қауырт желі» ашты — +7(7262) 513575 және +7(7262)514167.  Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталған.

    қатысты посттар

    Тәліптер шын мәнінде байсалды позиция ұстанатынын дәлелдейді деп үміттенемін — Тоқаев

    Фариза

    Қорықшыны өлтірді деген үш айыпталушы өмір бойына түрмеге қамалды

    «Халықтың қуанышы қайғыға айналды» — Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда қаза болып жатыр

    Пікір қалдыру

    20 − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.