4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    «Бір-біреулеп ұрмадың ба…» Өгей шешенің әкесі өз пікірін айтты

    Түркістан облысы, Жетісай қаласында орын алған өгей шешенің қатігездік мәселесі енді құдалар арасындағы дауға ұласатын түрі бар. 
    Осы оқиға бойынша ақпарат таратқан тілші үш қыздың бір жылдан астам уақыт өгей шешеден теперіш көріп жүргенін Дінмұхамед Қойымбетов осыған дейін де құдаларға айтқанын жазады. Дінмұхамед Қойымбетов — үш қыздың әкесінің ағасы,  Ernur.kz порталы.

    2019 жылдың 11 сәуірінде апалы-сіңілілі Салима, Мәншүк және Милана ауруханаға түскен күні құдасына қызының қылығын айтып, Дінмұхамед қоңырау шалған. Қызын алып кетуге келген Жұлдыздың әкесі жеке сөйлесеміз деп қызын шеткерірек шығарады. 

    «Шеткерірек барып екеуінің әңгімесіне құлақ түрсем, әкесі қызын ұрысып, айыптаудың орнына, «Қызым, неге сонша ұрдың қыздарды. Айтып едім ғой, ұра берме деп. Ұрсаң да көгермейтін, ешкімге көрсете алмайтын жерлерінен ұрмайсың ба? Үшеуін бірдей ауруханаға түсірдің, не болды енді? Бір-біреулеп ұрмадың ба сонша ұрғың келіп тұрса» дегенін естігенде, өзімді ұстай алмай, екеуін де үйден қуып шықтым», — дейді Дінмұхамед Қойымбетов.

    Өгей шешенің жақындары тағылған айыппен келіспейді

    Осы оқиғаға байланысты мән- жайды анықтау мақсатында, ERNUR.KZ тілшісі қазір айып тағылып отырған өгей шеше Жұлдыз Көбееваның отбасымен тілдескен. Жетісай ауданында кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі үш қызды ұрып-соғып, ұзақ уақыттан бері қинап келді деп айыпталған 

    Жұлдыз Көбееваның туыстары өздеріне тағылған айыптармен толық келіспейтінін айтады.

    Сонымен қатар, Жұлдыздың әкесі Пернебай Көбеев үш қызды өз қыздарындай қабылдағандарын, олардың апта сайын қыдырып келетінін алға тартып: «Ата біз үйге бармай-ақ, осында қала салайықшы. Үйге Жұлдыз мамам келгенше біз Димаш (Дінмұхамбет Қойымбетов) аға мен әжемнің үйінде бөлек-бөлек жүрдік. Үй шаруасын бәріміз бірге емес тек біз ғана істейміз» деген Сабинаның сөзінен секем алып қалып едім. Бірақ, ақыр соңы мұндай болады деп еш ойламадым», — дейді. 

    Пернебай Көбеев өз қызын ақтамайтынын да жеткізді 

    «Осы оқиға байланысты қызым мүлдем кінәсіз деп ақтап отырған жоқпын. Оның да айыбы бар. Оқиға болған күні, яғни, 11 сәуірде Жұлдыздың қыздарға ұрысқаны рас. Бірақ, кемпірауызбен қинап, тырнақ пен еттің арасына ине тығып жауыздық танытпаған. Үйдегі құрал-саймандар отбасына ортақ дүниелер. Нұрмаш үнемі көшеде болған соң үйдегі ер азаматтың майда-шүйде жұмыстарын әйел заты істемегенде кім істейді? Үйдегі күйген шамды да, үзілген тоқты да қызым өзі ауыстырып, сынған жиһаздарды да өзі жөндей беретін қызым. Осының бәрін білетін құдалар енді бұл дүниелерді басқаша мақсатта пайдаланып жатыр», — деп күйінеді ол. 

    Үш қыз ауруханаға түскен соң, құдаларымен тілдеспекке ұмтылған Пернебай Көбеев өзіне құдағиы Әлияның:«Сенің қызыңа шығарған шығынымды, той жасауға кеткен ақшамды сен әлі маған толық қайтаратын боласың. Бұл үшеуі мен нені айт десем соны айтады, не істе десем соны істейді» деп сес көрсеткенін айтады. 

    «Мейлі, егер менің қызым олар айтқан қатыгездіктің бәрін жасап, дәлелін тауып жатса тиісті жазасын алсын. Кінәсіз болса, үйде екі жасар баласы күтіп жүр, әрі өзі екіншісіне жүкті қызды босқа қинамай босатса», — деген Жұлдыздың әкесі тілшілерден ақпаратты бір жақты таратпауды сұрайды.

    қатысты посттар

    Екі миллион теңге дауы: Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жартысынан астамына өтемақы төленбейді

    Фариза

    Омбудсмен Арон Атабекті толық ақтау жөнінде өтініш түссе, қарайтындарын айтты

    Фариза

    Жамбыл облысында бір топ адам түн ішінде әкімді ұрып кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.