-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Тегін медицина тентіретіп жібермесе…

    Өзіміз жамандайтын қоғамда өзіміз өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат ағымының ағыны тек негатив пен қылмысқа толды. Талқылайтын мәселе: дін, сенім, біреудің байлығы мен біреудің өмірі, саясат. Неге ешкім ғылымды тақыламайды? Неге ай мен күн туралы, аспан әлемі туралы сөз қозғамаймыз? Себебі, бізге қызық емес. Бізге керегі жеке бастың қамын жасап алу. Қарның тойып тұрса да, көздің нәпсісін тойдыру үшін тағы да тамаққа тапсырыс беру. Әлеуметтік жағдайың болмаған соң тегін дүниеге жүгіресің. Басқаша болуы мүмкін емес.

    Бізде медицина саласы тегін қызмет көрсетеді. Жаның мұрныңның ұшына тірелген кезде, тегін ем іздеп емханаға келесің. Онсыз да күніне қанша адамда тегін емдеп жатқан дәрігерлердің жүйкелері сыр берген. Шындығында, олардың жүйкелері адамдарды емдеуден немесе күніне бірнеше ота жасаудан бұзылған жоқ. Жетпейді! Түсінесіз бе, олар да пенде. Жақсы өмір сүргісі келеді. Жалақысы жетпейді. Жетпеген жалақының жыры миға жеткен кезде, ол сіздің аман қалуыңызға кепілдік бере ала ма?

    Тегін істің нәтижелі болғанын қашан көрдіңіз? Ендеше, бұл кейін бұзылып қалатын құрылғы емес, адамның тағдыры. Бір қазақтың тағдыры деп түсініңіз. Тегін медицинасы дамыған елдегі ең көп тараған сөз: «Каспий голд нөмері» болар. Жетіскеннен каспий жасап берген картасын көрсетсін бе, өліп барады, жаны шығып барады. Емдеу керек. Біздің медицина тегін болған соң, оған қауқарсыз. Шамасы жетпейді. Сондықтан шетелге баруға ақыл айтады. Ақыл айтпайтын қазақ көрсем көзім шықсын ( ең ақыры мен де ақылгөйсіп отырмын ғой).

    Ажалы көз алдына күнде келетін науқас, қалтасында беретін тиын-тебені болмаған соң, ақ халатты апайым не дейді соны істейді. Әлгі науқасқа қарап тұрып, бала күніңде қағаздан самолет жасап ұшырғандай, көз алдыңда қағаз боп ұшып бара жатқанын көресіз… Ащы болса да айтайын, біз аурухананың есігінде дерттің қайдан пайда болғанын білгеннен бұрын, кіші дәреттің анализ қорытындысын алып болғанша өліп кетеміз. Бітпейтін қағаз, бітпейтін қолдар…

    Өзіңді ХҚКО-ға келгендей сезінсең айтайын, сен ауруханадасың. Сен тегін емделуге келдің. Дәрігерлер ақыры жалақыны күтіп шаршайды. Содан кейін амал жоқ, аурып келген адамның жаны қиналса бәріне дайын екенін түсінеді де, аз-маз ақша талап етеді. Қысқасы, бәріміз өтірік жемқорлыққа қарсы келіп жүрміз.

    Аурып келген адам дертін айтып, жағдайын түсіндірейін десе: «анаған бар, мынаған бар, ананы әкел, мынаны әкел» деп бұйыра бастайды. Өткізіп қойған әкеңнің малы болмаған соң, мүсәпірдің күйін кешіп, орындайсың. Орындап жүріп, қай жерің аурып жүргенін ұмытып кетесің. Ең ақыры сол қағазды тасып апарғанша, үйде жатып өлгенім жақсы екен дейсің. Ал бере қоятын бес-он тиын болса, мархаббат, су емес, сок ішесің. Дәрі емес, нәр береді. Ем кімге керек? Саған керек! Онда сенің проблемаң. Бастысы мемлекет медицинаны тегін қылды. Қалғаны өзара параланған ынтымақтастық. Жаныңнан ештеңе аяма!

    Айтпағым мынау, тегін дүниені көбейтіп, талонмен ұн бергендей қоғам жасағанша, осы қоғамның жалақысын өсіру керек және басқасы-басқа, медицина саласын ақылы қыла салыңдар! Оған тегін қаралып жатқан ешкім жоқ, бәрібір төлейді. Жалақысы бар адам, ақшасын салған соң, аурухананың аяғын аспаннан келтірмек түгілі, дәрігердің шашын жұлып алса да, емдеуін талап ете алады. Емделуге келген адамның сөзі емес, көңіл-хошы жоқ дәрігердің сөзі ғана өтетін жерде қандай ғажайып күтесіз?!

    Науқас өзінің емделуін талап ете алатын, төлеген ақысын ақтап ала алатындай күнге жетпей, бұл медицинаның іші спирт пен хлор сасудан арылмайды. «Өлсең, өле қал емес, мен сізді емдеймін» деп, көзінен от жанып тұратын дәрігерді көргіңіз келсе, төлеңіз! Ол басымен емес, он екі мүшесімен жауап беретін болады. Әйтпесе, тегін медицинаға шүкір деп жүріп, түкірікке қақалып өліп жатырмыз…

    Марғұлан Ақанның Facebook парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Дертке шалдыққан ер адамның беті адамшошырлықтай ісіп кетті

    «Қазір өкпе-ренішті қозғап, дауласатын уақыт емес», — Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

    Фариза

    Коронавирустың екінші толқыны болмайды — Конеев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.