Париждегі тарихы тереңнен басталатын, ең көркем ғимараттардың бірі – Нотр-Дам соборы өртке оранды.

Ⓒanews.com
Куәгерер түсірген видеода ғимараттың жалынға оранып, бұрқыраған түтін көрінеді.
Париж мэрі Анн Идальго өзінің Twitter желісіндегі парақшасында аталмыш оқиғаға байланысты жазба жариялап, оқиға орнында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Ал Франция президенті өз кезегінде, Франция елінің тарихы өртке оранды деп атады.

Ⓒanews.com
«Барлық француздардың назарына… Париж мэрі оқиға орнында жүр. Өрт басталған сәттен Франция тұрғындары қандай күйде болғанын жақсы түсінемін. Себебі, Нотр-Дам – біздің тарихымыз, біздің әдебиетіміз, біздің ең құнды ғимаратымыз болды. Бұл ғимарат қаншама ғасырдың, қаншама оқиғаның куәсі болды.

Ⓒanews.com
Салтанатты түрде жария етемін: бүгін кешке дейін бұл соборды қалпына келтіреміз. Бұған еш күмән болмасын, себебі бұл бүтіндей бір елдің тарихы» — деп айтты Франция президенті.

Ⓒanews.com

Ⓒanews.com

Ⓒanews.com
