Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • ҚоғамМәдениет және шоу-бизнес

    Димаш Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

    Димаш Құдайбергеннің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасында әншінің Ташкент төрінде өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген әйгілі «Sos d’un terrien en detresse» әнін шырқады. Ол осы әнімен Қытайдағы «I am singer» байқауының шымылдығын ашып, ерек дауысымен көршілес елдің көрермені мен әлем жұртшылығын тәнті еткен еді.

    Әншінің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасындағы видеоға жанкүйерлер көптеп пікір қалдырып жатыр.

    «Не деген керемет орындау! Көрермендер біздің сүйікті әншімізді керемет күтіп алды! Димашқа лайық әдемі сахна!», — деп жазады фанаттарының бірі.

    Димаштың өнер көрсеткенін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісіп, Инстаграм парақшасына «Сегіз қырлы Димаш Құдайберген! Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты. Ташкент 2019» деген жазба қалдырды.

    Шағын видеода Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тамсана қол шапалақтап отырғанын көруге болады.

    Еске сала кетсек, кеше Димаш Құдайбергеннің өзбекстандық фан клубы әншіні Ташкенттегі әуежайдан құшақ жая күтіп алған болатын. 

    қатысты посттар

    «Алла олардың жазасын берсін» Елордада аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында шу шықты

    Фариза

    Өскеменде мұғалім директордың қысымына шыдамай көз жұмды

    Фариза

    Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.