8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    Қазақстан үкіметі президент сайлауын өткізуге 9,4 миллиард теңге бөлмек

    9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Қазақстан үкіметі 9,4 миллиард теңге (24,7 миллион доллар) бөлуді жоспарлап отыр. Қаржы бөлу туралы үкімет қаулысының жобасы 14 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды centralasian.org

    Қаулы жобасында “2019 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан үкіметінің резервінен 9 404 771 000 теңге қаражат бөлінсін” деп жазылған.

    Қаржының 9,3 миллиард теңгесі – орталық сайлау комиссиясына, 56,8 миллион теңгесі сыртқы істер министрлігіне бөлінеді. Қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауды үкімет қаржы министрлігіне тапсырған.

    Құжат 29 сәуірге дейін талқыланады.

    Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізуге 12 миллиард теңге сұраған. Бірақ кейіннен Қазақстан қаржы министрлігі бұл қаржыны қысқартты.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін айтқан.

    10 сәуірде орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталатынын жариялады.

    Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.

    қатысты посттар

    “Жыныстық мүшелерін қысқышпен қысқан…” Түркістан облысында өгей ана кішкентай үш қызын әбден азаптаған (фото 18+)

    Жамбыл облысы әкімі шешімінің жобасы жарияланды

    Фариза

    Ирандықтар коронавирус жұқтырмау үшін аяқпен амандасып жүр (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.