-15.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Димаштың португалдық жанкүйері қазақтардан кешірім сұрады (видео)

    «Ұмытылмас күн» және «Дударай» әнін қазақ тілінде орындаған Димаштың жанкүйері қазақ халқынан кешірім сұрады. Лара Алейхо қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне қызығушылық танытып жүргенін айтты. 

    Лара Алейхо бірнеше ай бұрын Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін қазақ тілінде айтып көптің көңілінен шыққан болатын. Жақында «Дудар-ай» әнін қазақ тілінде орындады. Алайда аталмыш видеодағы киіміне қатысты көптеген сыни пікірлер айтылған. Келеңсіз жайтқа байланысты португал қызы қазақ халқынан Instagram парақшасы арқылы кешірім сұрады.

    «Құрметті оқырмандарым! Мен бұл жазбам арқылы қазақ халқынан кешірім сұраймын. «Дудар ай» әнін орындау арқылы мен қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарайтынымды білдіргім келген еді. Бұл ең маңыздысы. Қазақ деген ұлы халықтың мәдениеті мен өнеріне қызығушылық танытып жүрмін. Сол себепті аздаған олқылықтарға көңіл бөлмеулеріңізді сұраймын. Менің киімім Еуропа елдерінде де, Португалияда да қалыпты киім деп есептелінеді. Тіпті жоғары бағаланады. Сондай-ақ мен бұл киімді жалғыз өзім таңдамадым. Мұндай жұмыстарды атқаратын арнайы топ жасақталған. Сол себепті түсіністік танытасыздар деп үміттенемін. Мен қазақ халқының өнері мен музыкасына деген махаббатымды көрсеткім келді. Сіздердің қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Мен мұны қатты бағалаймын. Барлығыңызды жақсы көремін және тағы да кешірім сұраймын!», — деп жазды Лара Алейхо. 

    қатысты посттар

    «Азапқа шалдықтырып, ауыртып, ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!» — Ахметбек Нұрсила теріс бата берді

    «Тойда айфоннан шашу шашты» Қазақ тойларындағы түрлі қызықтар (видео)

    Фариза

    «Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!» Нұр-Сұлтанда қыздар жалаңаштана шешініп жарысты

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.