-9.1 C
Алматы
Суббота, 21 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым Қоғам Саясат

    Ауылдарды қалаға қосу кезінде кәсіпкерлер зардап шекпеуі тиіс — депутат

    Ауылдарды қалаға қосу кезінде кәсіпкерлер зардап шекпеуі тиіс. Бұл жөнінде бүгін Дания Еспаева ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлерінің атына жолдаған фракцияның депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлады «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі.

    «Қалаларды ірілендіру кезінде қалалар аумағына қосылған ауылдық елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясының атына өтінішпен жүгінуде. Мемлекеттік бағдарламаларға және елді мекендердің мәртебесіне жуырда ғана енгізілген өзгертулерге дейін кәсіпкерлер қолайлы қаржыландыруға ие болған еді. Ал енді сол мүмкіндіктен де айырылып отыр», — деп айтылған депутаттық сауалды.

    Сонымен, ауылдық жерлердегі микронесиелендіруді «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерліктің ағымдағы Бағдарламасы аясында берілетін барлық қаражаттың 65% -ын құрайтын «Еңбек» ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қамтамасыз етеді. Алайда, аталмыш операторға тиесілі Бағдарламаның ішкі талаптары моно/шағын қалалар мен қаланың аумағына кіретін ауылдық елді мекендерді қаржыландыруға мүмкіндік бермейді.

    Дегенмен, акционер «ҚазАгро» АҚ-ның шешімімен бекітілген Жарғыға сәйкес, Қордың басты атқаратын қызметінің бірі шағын және орта бизнесті, ауылдық жерлерде, моно (шағын — ред.) қалаларда нарықтық инфрақұрылымның нысандарын несиелендіру болып табылады.

    Сонымен қатар, «ҚазАгро» акционерлік қоғамының Ережесі Қор арқылы моно/шағын қалаларда несиелендіруді жойып, оны екінші деңгейлі банктерге жүктеп отыр. Алайда, кәсіпкерлер атап өткендей, банктер (сирек кездесетін жағдайларды есепке алмағанда) несиемен қамтамасыз етуде осындай елді мекендерде кепілдікті қабылдамайды, ал Қордың кепілдік саясаты барынша лайықты болатын.

    Нәтижесінде, мемлекеттік қолдау шаралары ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін, бірақ моно қалаларда, сондай-ақ қаланың бөлігі болып табылатын ауылдық округтерде өмір сүретін  несие алушыларға қолжетімсіз болды.

    Ақжолдықтардың пікірінше, «Еңбек» Бағдарламасын іске асыру барысындағы тағы бір өзекті мәселе – бұл бизнес бағытындағы жобаларды қаржыландырудағы теңгерімсіздік. Яғни, агроөнеркәсіптік кешен жобаларының үлесі мен ауылдағы ауыл шаруашылығы саласына кірмейтін бизнестің ара қатынасы.

    Оның себебі бюджет қаражатын микрокредиттеуді үлестірудің қолданыстағы жүйесі екі оператор арқылы қаржыландырылуына байланысты болып отыр: қалаларда «Даму» қоры және ауылдық жерлерде «ҚазАгро» арқылы. Соған қарамастан, қалаларда соңғы қарызгерлерге микронесиелер беру микроқаржыландыру ұйымдары мен банктер арқылы, ал ауылдарда – ауыл шаруашылығын, несиелік серіктестіктерді және  микроқаржыландыру ұйымдарын қаржылай қолдау Қоры арқылы жүзеге асырылады.

    Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды дамытуға жауап беретін Ауыл шаруашылығы министрлігі, негізінен, Қорға тек қана мал шаруашылығын несиелендіру бойынша міндеттерді жүктейді. Бірақ ауылдарда мал шаруашылығынан басқа өзге де бизнес түрлерін дамыту қажет (жеке меншік білім беру орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері, тігін және жиһаз дүкендері, стоматология, дәріханалар және т.б.). Бұлар да ауыл тұрғындары үшін аса маңызды.

    Нәтижесінде, ауылда бизнестің басқа саласымен айналысатын кәсіпкерлердің қаражат тұрғысынан қолдары байлаулы және де ауылдағы микронесиені дамытуды көздеген Бағдарламаның басты мақсатына қауіп төніп тұр.

    Депутаттар мұндай мәселенің туындауы «Еңбек» Бағдарламасы үш бірдей министрліктерге үлестіріліп, ортақ үйлестірушісінің болмауынан деп санайды. Әрбір министрлік өздеріне тиесілі индикативтік көрсеткішті ғана орындауға мүдделі, ал Бағдарламаның түпкі мақсаттарын — ауылдық жерлерде де, қалаларда да жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатын назардан тыс қалдырып отыр.

    Еспаева ауылдық жерлерді қала аумағына кіріктіру мерзімді іске асырылып тұрады деп атап өтті. Жақында ғана Түркістан облысында 12 ауылдық округ Кентау қаласының құрамына енгізілді. Бұдан бұрын Шымкент қаласына бірнеше ауылдар қосылды, қаланы кеңейту үрдісі басқа өңірлерде де белсенді жүруде. Бірақ олардың тұрғындарының қызметі мен табыс көзі өзгерген жоқ және олардың бәрі несие алуда қиындықтарға тап болуда.

    Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы:

    1. Шалғайдағы шағын/моно қалаларда, ауылдық округтердегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін микронесиелендіру бойынша талаптарды қайта қарауды және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несиелендірумен тұрғындарға сол аумақтарды қайтарып беруін;
    2. Бизнестің ауылшаруашылық емес түрлерін микронесиелендіру үшін кемінде 30 пайыз деңгейінде индикативтік көрсеткішті бекітуін сұрайды. .

    «Ақжолдықтар» айтылған мәселелерді шешу кәсіпкерліктің жүздеген субъктілері мен жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ол үшін ешқандай қосымша шығынның қажеті де жоқ. Бар болғаны қолданыстағы Бағдарламаға өзгертулер енгізу қажет деп есептейді.

    «Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және отандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

    қатысты посттар

    «Бір қызды зорлаған 14 күдіктінің біреуін де полиция ұстаған жоқ» Белгілі заңгер Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады

    Фариза

    Іздеу-2018 жаттығуларының барлау бөлімшелері үшінші кезеңді бастады.

    Денис

    Оралда мас күйде жол апатына ұшыраған полиция бастығы қамаудан босатылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.