13.1 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық Қоғам Саясат Экономика

    Жүктілерге 425 мың теңге төлене ме? Министр жауап берді

    Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның жүктіліктің 12-аптасына дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдерге 425 мың теңге берілетіні туралы бастамасын растады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

    Мұндай норма денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасында қарастырылған. Өзгертулерге сәйкес, жүктілігі бойынша тіркеуге 12-аптаға дейін тұрған жүкті әйелдерге кемінде 10 ең төменгі жалақы мөлшерінің көлемінде материалдық ынталандыру төлемін енгізу ұсынылып отыр. «Жаңа кодекстің аясында азаматтардың денсаулығына жауапкершілікен қарауына бағытталған шаралар кешенін талқылап жатырмыз. Бүгінде денсаулық деңгейі бойынша ахуал көрсеткендей, өкінішке қарай, азаматтар өз денсаулығына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамай, көп жағдайда медициналық қызметкерлердің араласуын күтеді. Ең бірінші кезекте, бұл ынталандыру шарасы алдын алуға бағытталған», — дейді еліміздің бас дәрігері.

    Сонымен қатар, министрлік уақытылы тіркеуге тұрмағаны үшін әкімшілік айыппұл салуды ұсынып отыр. 
    Бүгінде өзгертулер қоғамда талқыланып жатыр. Заң жобасы жаз мезгілінде парламентте қаралатын болады.

    қатысты посттар

    Алматыда Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бір белсенді қамалды

    Фариза

    «Қытайдың биологиялық қаруы» Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Фариза

    Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.