-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    13 адамның өмірін жалмаған тікұшақ апатының бірнеше себебі айтылды

    Қорғаныс министрлігі Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлауына қатысты болжам жасады.

    Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақтың құлауына себеп болған 3 негізгі факторды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Авиация генерал-майорының айтуынша, апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағы 1988 жылы құрастылыпты.

    «Ол Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өтті. Зауыттан шыққаннан кейін тікұшаққа әуеде 2000 сағат немесе 8 жыл ұшу мүмкіндігі беріледі. Бүгінге дейін тікұшақ әуеде 773 сағат ұшқан. Тікұшақта техникалық ақау болмаған. Мемлекеттік комиссия тергеу жүргіп жатқанына байланысты Қазақстанның Қарулы күштеріне тиесілі МИ-8 тікұшақтарының ұшуы тоқтатылды. Апта бойы олар техникалық тексерістен өтеді», — деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

    Бұдан бөлек, Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы айтқандай, МИ-8 — посткеңестік елдерде ғана емес, бүкіл әлемде адам ең көп сиятын тікұшақ.

    «Бұл – сенімді тікұшақ. Қазір МИ-17 және МИ-171 тікұшағымен бірге МИ-35 жауынгерлік тікұшағын сатып алып жатырмыз», — деді авиация генерал-майоры.

    Сөз соңында ол мемлекеттік комиссия тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

    «Барлық себеп сараланып жатыр: техниканың істемей қалуы, адами фактор және метео жағдай. Мен комиссия мүшесі емеспін. Сол себепті пікір білдіруге құқығым жоқ. Қара жәшік мемлекеттік комиссияда. Оны біз тексере алмаймыз. Тергеудің нәтижесі ресми түрде хабарланады», — деп түйіндеді сөзін Дәурен Қосанов.

    Еске сала кетсек, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың бәрі қаза тапты.

    қатысты посттар

    Мені қайтадан түрмеге қамауы мүмкін – Жәкішев

    Фариза

    Шымкенттік өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады

    Фариза

    Вице-министр: Жайықтан өліп жатқан балық көрмедік

    Пікір қалдыру

    15 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.