19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Игорь Крутой: Димаштың бұл бейнебаяны “бомба” болады (видео)

    Танымал ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш туралы пікір білдірді. Ол өз карьерасында бұрын-соңды Димаштай әнші болмағанын айтты. 

    “Ол – космос бала. Менің карьерамда Димаштай әнші болмаған”, – деп пікір білдірді Игор Крутой.

    Ал Димаш болса Мәскеудегі концерттен кейін Игорь Крутойға алғыс айтудан шаршаған емес. Сондай-ақ Димаштың кезекті бейнебаянының қашан шығатыны да белгілі болды.

    Игорь Крутойдың айтуы бойынша, “Шаршаған аққулар махаббаты” әніне түсірілген бейнебаян 10-15 сәуір аралығында көрерменге жол тартады.

    “Бюджет жағынан да, сапа жағынан да алып қараған кезде, мұндай бейнебаян соңғы 5 жылда болмаған. Бұл — “бомба” болады деп ойлаймын”, – дейді Игорь Крутой.

    Еске салсақ, 8 наурызда Димаштың “Аққуым”  әніне түсірілген бейнебаян жарыққа шыққан болатын.

    қатысты посттар

    Димаш өзіне қандай қыздардың ұнайтынын айтты (видео)

    Семейде «Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі аяқталды

    Таразда түркі әлемінің әуені шырқалды (фото)

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.