Четверг, 26 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Игорь Крутой: Димаштың бұл бейнебаяны «бомба» болады (видео)

    Танымал ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш туралы пікір білдірді. Ол өз карьерасында бұрын-соңды Димаштай әнші болмағанын айтты. 

    «Ол – космос бала. Менің карьерамда Димаштай әнші болмаған», — деп пікір білдірді Игор Крутой.

    Ал Димаш болса Мәскеудегі концерттен кейін Игорь Крутойға алғыс айтудан шаршаған емес. Сондай-ақ Димаштың кезекті бейнебаянының қашан шығатыны да белгілі болды.

    Игорь Крутойдың айтуы бойынша, «Шаршаған аққулар махаббаты» әніне түсірілген бейнебаян 10-15 сәуір аралығында көрерменге жол тартады.

    «Бюджет жағынан да, сапа жағынан да алып қараған кезде, мұндай бейнебаян соңғы 5 жылда болмаған. Бұл — «бомба» болады деп ойлаймын», — дейді Игорь Крутой.

    Еске салсақ, 8 наурызда Димаштың «Аққуым»  әніне түсірілген бейнебаян жарыққа шыққан болатын.

    қатысты посттар

    «Ибалы келін еді, келсап болып шыға келді…» — қоғам белсендісі Қайрат Нұртастың әйеліне шүйлікті

    900 жылдық тарихы бар Құдай-Ана ғибадатханасы өртке оранды (фото, видео)

    Данэлия Тулешова: Димаштың ісіне қайран қалдым…

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.