Воскресенье, 27 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қызылорда облысында тікұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында 13 адамның бәрі де қаза тапты  деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    «2019 жылдың 27 наурызда ҚР Қарулы күштерініің ӘКҚ әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында көз жұмғандар бар. Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде», — делінген министрліктің хабарламасында.

    Министрліктің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter әлеуметтік желісінде қаза тапқан экипаж мүшелеріне көңіл айтып, отбасыларына материалдық көмек көрсетілітетінін айтты.

    қатысты посттар

    Алматыда кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлап кетті

    Фариза

    Шымкентте кәмелет жасқа толмаған бойжеткенді зорлап, видеога түсіргендендерге сот үкімі шықты

    Фариза

    Полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.