Кеше Ақтау-Шымкент бағытында апатқа ұшыраған Ми-8 әскери тікұшағында қаза тапқан үш экипаж мүшелері мен тоғыз әскери қызметшінің аты-жөні белгілі болды.
Апат орнында қаза тапқан экипаж мүшелері: борт командирі Роман Петрович Костыгов, борт командирінің көмекшісі, лейтенант Айтбаев А.Б. және борт технигі Құдайбергенов Тимур Адилханович.
Сондай-ақ, оқиға орнында көз жұмған борт пассажирлері: майор Қоңырбай Д.А., капитан Масалим С.М., аға-сержант Шарипов М.Р., кіші сержант Абдулманов А.Т., аға-лейтенант Рахимбаев Г.К., евфрейторлар Байбаков Б., Жұматов М.А., Абдильдинов А.Т., Сарқытбаев К.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтаудан Шымкент қаласына бағыт алған әскери Ми-8 тікұшағы Қызылорданың Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған болатын. Қорғаныс Министрлігінің мәліметінше, тікұшақ бортында 13 адам болған. Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрі бірлесе отырып, болған апаттың мән-жайын анықтауда.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, оларға материалдық көмек көрсетілетінін айтты.