Пятница, 24 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Астананың атауы ресми түрде Нұрсұлтан болып өзгерді

    Астананың атауы Нұрсұлтан болып ресми өзгертуге шешім қабылданды. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды.

    «Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың — 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.

    «Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. «ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық Кеңес өзінің оң қорытындысын да берді», — деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

    Еске салсақ, бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады. Елбасы Нұсрұлтан Назарбаевқа алғыс айта отырып, өз ұсыныстарын айтты. Солардың алғашқысы Астана қаласы мен Қазақстанның орталық көшелерінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев етіп өзгерту.

    қатысты посттар

    Бекболат Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан коронавирус анықталды

    Фариза

    «Әлеуметтік желіде танысқан» Жамбыл облысында қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға сотталып кетті

    Фариза

    «Менің де өмір сүргім келмейді»: Алматыда суицид жасаған келіншектің күйеуі отбасы туралы айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.