-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат Экономика

    Депутат триллиондап ақша алып жатқан министрлікті сынады

    Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев денсаулық сақтау министрлігіне бөлініп жатқан қомақты қаражатты тиімді игерудің уақыты келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

    «Құрметті Елжан Амантайұлы (денсаулық сақтау министрі – Sputnik), сіз келгелі біздің денсаулық сақтау саласына қаржы министрлігі ақшаны аямай жатыр. Осы соңғы үш жылдың ішінде республикалық бюджеттен бір триллионнан астам қаражат бөлінді. Оған жергілікті бюджеттен бөлінетін 500 миллиард теңгені қоссақ, бұл өте орасан зор қаржы», — деді Өксікбаев мәжілісте медициналық көмектің сапасын арттыруға қатысты өткен үкімет сағатында.

    Сонымен қатар, мәжілісменнің айтуынша, алты министрліктің өзінде ведомстволық денсаулық сақтау жүйелері бар. Оған орташа есеппен 100 миллиард теңгеден аса ақша бағытталып отыр.

    «Сонда халықтың салығынан түсіп отырған екі триллионға жуық ақша денсаулық сақтау саласына жұмсалып отыр. Ал енді, жаңа кезде әріптестерім өз елімізде емес, шетелде барып емделетіндер көбейді деп айтты. Меніңше, осы қаражаттың барлығын дұрыс жолға қоятын кез келген сияқты», — деді депутат.

    Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шығыстар жыл сайын көбейіп келе жатқанын мойындады. 

    «Оны мойындаймыз, бірақ, шындығына келсек, адам басына шаққанда сіз айтқан триллиондар 60 мың теңге ғана болып шығады. Ол көп болса, 200 доллар. Ал, мәселен, ең дамыған мемлекеттерде төменгі шығыстар мың доллардан басталады», — деді министр депутаттың сұрағына берген жауабында.

    Біртанов соңғы бір-екі жылдың ішінде онкологияға бөлінетін қаражат 30 миллиардтан 40 миллиард теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті.

    «Бірақ бүгін тарифтерді қайтадан санап шыққанда, бізге жалпы онкологияға 70 миллиард теңге қажет. Былтыр біз президентке тегін медициналық көлемде 360 миллиард теңге тапшылық бар екенін айтқан едік. Сол дефицитті қазір ішкі ресурстардан қарастырып, жойып жатырмыз. Екінші жағынан, әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы шешуді жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысы.

    қатысты посттар

    Тоқаев Ақтау қаласына не үшін барды?

    Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

    Фариза

    «200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…» — Министрлік

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.