-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Кәсіпкерден сыйлыққа пәтер алған ана көз жасын тоқтата алмады

    Оралдық Райымбек Талғатұлы оншақты жылдан бері жүрек ауруымен күресіп келеді. Ол әскерге аттанар шағында жұдырықтай жүрегі ісініп, шұғыл ота жасатып, электр қуатымен жұмыс істейтін жасанды қалқанша қойғызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    «2011 жылы дәрігерлер «жүрегің шүберек секілді созылып кеткен, жарамайды» деп жасанды қалқанша қойып берді. Яғни, қазір менің жүрегімде кеудемдегі қанды айналдырып, жүректің жұмысына қажетті, тоқпен қуат алатын қалқанша тұр.Оны күн сайын он сағатқа қойып қуаттап тұру керек. Көшеге шыққанда өзіммен бірге батарейкасын салып жүремін.

    Бұрын біз ауылда тұрған едік. Бір күні электр тоғы өшіп, жүрек қалқаншасының заряды біте бастады. Қорыққанымнан түнделетіп светі бар көрші ауылға бардық.Егер қалқаншаның заряды бітсе, жүрегім соқпай қалады», — дейді науқас жігіт.

    Бірінші топтағы мүгедек азамат елу мың теңге жәрдемақысына Орал қаласынан пәтер жалдап, күнелтуде. Райымбектің анасының сөзінше, мүгедек ретінде үй кезегінде алты жылдан бері тұрғанымен, кезегі бес мыңыншы болып жылжымаған.

    Қиын жағдайдағы оралдық отбасының жағдайын естіген алматылық кәсіпкер Аманжол Рысмендиев күтпеген жерден бір бөлмелі пәтер сыйлағанда Райымбектің анасы Ұлғаным Ұлданқызы көз жасын тоқтата алмады.

    Тіпті ол 27 жыл күткен баспанасын сыйлық екенін естігенде бизнесменге иіліп рақметін айтып, қуаныштан жылаумен болды.

    Науқас жігіттің тағдырына алаңдаған Аманжол Рысмендиевтің шәкіріті, жиһаз жасаушы кәсіпкер Дәурен Рахымжанов баспананы толықтай жиһаздап берген.

    «Мен асып кеткен бай емеспін, бірақ табысымнан осындай азаматтарға қол ұшын беріп, көмектесу — ол менің адамдық парызым деп санаймын. Адамның жануардан артықшылығы — мейірімді болу, барыңмен бөлісу, жоққа демеу болу. Мен осы сөзді шәкірттеріме айтып, насихаттап жүремін», — деді Аманжол Рысмендиев.

    Бизнесмен сөзінде тұрып Райымбекке Орал қаласының қақ ортасынан пәтер алып беріп, тіпті көшіріп, кіргізген. Қазір Райымбек пен анасы өз үйлерінде жаңа өмір бастап, туыстарымен қоныс тойын да атап өткен.

    қатысты посттар

    «Жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған» — Медреседе 19 жастағы қызды тірідей өртеп жіберді

    12 мамырдан бастап Шымкентте қоғамдық көліктер жүре бастайды

    Фариза

    Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.