Қаражаттың жетіспеушілігінен адамдар түрлі іс-әрекетке барады. Сол секілді АҚШ-та бір әйел балаларының аш отырғанына шыдай алмай дүкеннен 5 жұмыртқаны ұрлап алады, алайда дүкеннен көп ұзамай-ақ қолға түседі.
Оқиға орнына дереу келіп жеткен офицер Уильям Стейси әйелдің оқиғасын тыңдап болып, оны тұтқындаудың орнына көмектесуді ұйғарыпты.
Ⓒwakeupyourmind.net
Миссис Джонсон екі қызы, екі жиені мен 1 және 3 жастағы екі немересін бағып отыр және ол айына 120 доллар ғана алады екен. Өткен аптада оны қарақшылар тонап кетіп, өздері аш қалған. Сенбі күні нәр татпағандарына екі күн болғандықтан қолындағы бар ақшасы – 1,25 доллармен жақын маңдағы супермаркетке барып, жұмыртқа сатып алмақ болған.
Ⓒwakeupyourmind.net
Алайда жұмыртқаға ақшасы жетпегендіктен бесеуін қалтасына салып алып ұрлап алуды ойлаған. Бірден қолға түсіп, салдарынан жұмыртқаларды да жарып алған Джонсон: «Мен әккі ұры емес екенмін…» деп айтыпты.
Ⓒwakeupyourmind.net
Дүкеннің қызметкерлері полиция шақырып, істің мән-жайын анықтауды талап етіпті. Офицер Уильям миссис Джонсонның қазір қандай жағдайда отырғанын естіп, оны тұтқындаудан бас тартып, үйіне жіберген.
Ⓒwakeupyourmind.net
Кейіннен офицер ол әйелдің үйіне келіп көрмек болған. Бұл отбасының әлеуметтік жағдайы қаншалықты нашар екендігін көрген офицер оған бір қорап жұмыртқа алып беріпті. Ертесіне өзге әріптестерімен бірлесіп Джонсонның отбасына біраз уақытқа дейін жететін азық-түлік әкеоіп берген.
Дереккөзі: Wake up your mind