-0.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Құрманың ағзаға тигізер пайдасы мен шипалық қасиеттері

    Мидың жұмыс істеу қабілетін арттырады. Есте сақтау қабілетін жақсартады.

    Қатерлі ісіктің алдын алады. Талшықты жемістердің қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендететін зерттеулер көрсеткен. Құрмаларда көп мөлшерде талшық болады.

    Холестеринге пайдалы. Жүрек-қан тамырларының қатаюының алдын алады. Одан бөлек қанды тазалайды және қан қысымын да реттейді.

    Ғажап жеміс. Зерттеулер нәтижесінде құрманың антисептик дәрі екені, жараларды тез жазатын, сүтті арттыратын, нәрестені қоректендіретін, құрамындағы калий балалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін таптырмайтын азық екені анықталған.

    Каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.

    Қан аздыққа пайдалы. Темірге бай болғандықтан бір адам күніне 15 дана құрма жесе, денедегі темір қажеттілігін қамтамасыз еткен болады және темір жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан сақтанған болады.

    Бауырдың жұмысын жақсартады. B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады. Бауыр суық жемістерді жақсы көретіндіктен құрманы қауын, қиярмен жеген жақсы болады.

    Асқазан жарасын емдейді. Асқазан жұмысын жақсартады. Кейбір мемлекеттерде асқазан жарасын емдеу үшін құрма арнайы тәжірибеден өткен.

    Ас қорытуға пайдалы. Тойымдылық қасиеті өте жоғары.

    Миды және жүйке жүйесін тынықтырады. Олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, сергіткіш әсер береді.

    Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді.

    қатысты посттар

    Жамбылда өкпесі 76 пайыз қабынған зейнеткер сауығып шықты    

    Фариза

    Жамбылдық дәрігерлер КВИ науқастарына дұрыс тыныс алу жаттығуларын үйретуде

    Фариза

    Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады: Министрлік түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.