19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    СҚО-да браконьерлер 9 елікті атып алды

    СҚО-ның Қызылжар ауданында заңсыз аң аулау дерегі анықталды. Тәртіп сақшылар Согров мемлекеттік қорығының инспекторларымен бірге браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды qazweek.kz ҚазАқпараттың дерегін негізге алып.

    СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға наурыздың 2-сі болған. Есіл өзенінің жағасындағы Красный Яр ауылының маңында Mitsubishi Delica автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі ұсталды. Петропавлдықтың көлігін тексеру барысында сібір еліктерінің еті салынған қап пен қару табылған. Тәртіп сақшылары сол маңайдан тағы 5 қап ет пен әлі бөлшектелмеген еліктерді және аңдардың терілерін тапты. 

    Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыстың бірнеше тұрғынының заңсыз аң аулаумен айналысқаны анықталып отыр. Олар 9 сібір елігін атып алыпты. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. «ҚР ҚК337 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  Mitsubishi Delica автокөлігі, 5 жұп аңшылық шаңғы, 2 мылтық тәркіленді. Қылмыстың бұл түріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған болмаса жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді СҚО ПД бас маманы Нұрбек Баекин. 

    СҚО-да жыл басынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 189 дерегі анықталды. Оның төртеуі – заңсыз аң аулауға байланысты.

    қатысты посттар

    Бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген ананың жантүршігерлік қылмысы мәлім болды (фото)

    Фариза

    Оралда 28 жастағы әйел бір айлық сәбиін сатып жіберген

    Фариза

    Елордада жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, 13 адам зардап шекті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.