-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Сараптама қорытындысы Gelendwagen жүргізушісінің мас болғанын жоққа шығарып отыр ма?

    Өткен жылдың 29 желтоқсанында Алматыда орын алған жантүршігерлік жол апаты жайында барша халық біледі. Үш адамның өмірін жалмап, тағы біреуін аурухана кереуетіне таңып қойған бұл қазалы оқиғаға кінәлі деп танылған дүнген азаматы Ильяс Кар оқиға орнынан қашып кетіп, ертесіне қолға түскен белгілі. Бір айдан аса жүргізілген тергеу нәтижесінде оның ісі сотқа жөнелтілді. Дегенмен сот отырысы қашан болатыны әлі белгісіз. Бұл іс ҚР Ішкі істер министрлігінің жіті бақылауына алынған. Қылмыскер ұсталды, ісі сотқа кетті. Десе де, қайғылы оқиғада қаза тапқан жандардың туыстары тергеу ісінің кейбір тұстарына келіспей, шағымдарын жеткізіп отыр.

    Қаңтар айында марқұм Динара Хамитованың інісі Азамат Хамитов сараптама қорытындысының соншалықты ұзақ уақыт жүргізілгеніне күмәнмен қарап, күдіктінің қанының құрамында алкогольдің табылмағанын айтып шағымданған болатын. Ал Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекова бұл ақпараттың шындыққа сай келмейтінін және оның мас күйінде көлік айдағаны расталғанын айтқан.

    Ал бүгінде марқұм Хамитованың бөлесі Әсел Есімжанқызы өзінің желідегі парақшасында сараптама қорытындысы мен тергеу жұмысына қатысты олқылықтарды айтып, сараптама нәтижесі көрсетілген құжатта «кінәлі жүргізушінің қанының құрамында алкогольді зат болмады» деген жерін нақты көрсетіп дабыл қағуда.

    Жол апаты

    ⒸӘсел Есімжанқызының ФБ парақшасынан

    «Алматы қаласында болған қазалы оқиғаға кінәлі кім екендігін дүйім жұрт біледі. Брифингте полиция қызметкерлері үш адам қаза тапқан бұл жол апатының ІІМ-нің жеке бақылауына алынғанын айтқан болатын. Иә, қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Бірақ, бір түсінбейтінім – сараптама нәтижесінде оның қанының құрамында алкогольді заттың болмауы. Демек сараптама қорытындысы Gelendwagen жүргізушісінің мас күйінде көлік басқарғанын жоққа шығарып отыр ма?

    Бүгінде Кар Ильястың ісі сотқа жіберілді, бірақ марқұм болған жандардың туыстарына берілген құжаттарда кейбір фактілер осы уақытқа дейін жарияланған ақпараттарға сәйкес келмейді.

    Біріншіден, жоғарыда айтып өткенімдей, сараптама қорытындысы жүргізушінің қанының құрамынан алкогольді заттың болмағанын көрсетіп отыр.

    Сондай-ақ, кінәлі азамат 30 желтоқсан күні ұсталып, сараптама жасауға дәл сол күні қан алынған болатын. Бірақ сараптамаға 2019 жылдың 4 қаңтарында жіберілген. Ал нәтижесі 11 қаңтарда белгілі болды. Демек, оның қанының құрамын зерттеу үшін 10 күннен аса уақыт кеткен.

    Екіншіден, наркологиялық сараптаманы дереу жасау үшін алғашында алынған қан жеткіліксіз болыпты. Сонда тергеушілер мұндай іспен бірінші рет айналысып отыр ма? Тәжірибелі тергеуші өзінің жұмысын ұмытып қалып, қанды аз алып қойған ба? Әлде, мұның бәрі тек ресмилік үшін бе?

    Тергеу ісінде бұл оқиғаға қатысты олқы тұстар өте көп. Дегенмен, ең басты назар аударарлық мәселе – апатты оқиғаға кінәлі тарап барынша жауапкершіліктен жалтарудың жолын қарастыруда», — деп жазады марқұмның туысы.

    Естеріңізге сала кетсек, БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарда Кар Ильястың апат болған күні Grand Opera клубынан шығып, мас күйінде көлік айдағаны айтылған болатын. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген тағы бар… Марқұм жандардың туыстары бекерден-бекер дабыл қағып жатпаса керек.

    Айта кетейік, қайғылы оқиғада аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева жақын күндері ауруханадан шығып, үйіне оралады.

    қатысты посттар

    Алматы полиция департаменті балаларды ұрлау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    «Мына жер ұнайды…» — белгілі актер Қадырбек Демесін қарттар үйінде тұрып жатыр ма?

    Айгүл Орынбек Шымкент әкімі берген алғыс хатты қоқысқа лақтырып тастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.