9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым Денсаулық Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес Оқиға Саясат Сән және стиль Фотосурет

    Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы

    Әнші Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап шығару ойында бар екенін айтты. Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    «Әр адамның кино түсіргісі келетін сәті болады. Бірақ жоспарымда кино түсіру жоқ. Айтсам ба екен? Клип түсіремін немесе кітап жазатын шығармын.

    Негізі менің өмірім өзгелерге қаншалықты қызық болатынын білмеймін. Ең бастысы менің ішімде жатқан дүние жазылады деп ойлаймын. Үйде түртіп қойған дүниелер көп. Сондықтан өмірімнің өткен парақтарын кітапқа айналдыру ойымда бар», — дейді Оразымбетова.

    Айта кетейік, елімізге танымал журналист Арман Сқабылұлы өз өмірлерін киноға айналдырған жұлдыздарды сынға алған болатын. Журналист фильмдердің сапасы сын көтермейтінін алға тартып, өзінің пікірін ашық айтқан еді.

    Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    қатысты посттар

    Ауғанстанда құқығын сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты

    Фариза

    «Қатысымыз жоқ» — Әкесі Димаш Құдайбергеннің ұлты туралы даудың нүктесін қойды

    Фариза

    Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша бес күдікті қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.