5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

    Атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз. Осылай деп Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары шағымданды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

    Айтуларынша жалданып қой бағатын 45 жастағы ағасы 23 тамызда жоғалып кетіпті. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан.

    Сараптама оның басынан атып өлтіргенін анықтаған.

    Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған.

    Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмады.

    Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпады.

    Нұрлан Ниязов, марқұмнын бауыры:

    Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін. Полицейлер өз нелерімен жұмыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, следак бар, начальник РОВД бар ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ.

    қатысты посттар

    «Тіл тигізгендер заң алдында жауап береді». Қабатовтың жұбайы қызына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Жылқыны көлікпен аяусыз таптаған қаскөй жұрттың ызасын келтірді 

    Зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.