11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус Қоғам

    Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы

    Қазақстандағы коронавирус тарауына байланысты шектеулер мен Ashyq қосымшасын қолдану адам еркіндігі туралы бапқа қайшы келмейді. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.  

    Жандарбек Бекшин қабылданған қаулының бәрі заңды екенін атап өтті. 

    “Эпидемияға қарсы қабылданып жатқан шараның бәрі заңды. Екіншіден, бұл күнделікті жағдай емес, бұл – пандемия. Сондықтан әрбір алдын алу, қорғау шараларын тек медицина қызметкерлерімен, көптеген ғалым, ведомстволық органмен, “Атамекен” ұлттық палатасымен ақылдасып, түрлі дәлел арқылы қабылданды, Ashyq жүйесі енгізілді. Көріп отырғандарыңыздай, бұл жүйе кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне ықпал етіп отыр. Сондықтан, менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім”, – деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

    Еске салайық, 3 қыркүйекте Алматының бас санитария дәрігері қаладағы карантин режимін жеңілдеткен болатын. Жаңа қаулы бойынша, 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады. 

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Қостанай облысында ер адам ауған азаматтарын Қазақстанға кіргізбек болған

    Фариза

    “Басшылық қоқан-лоқы көрсетті” Бұрынғы колония қызметкері Президенттен көмек сұрады

    Фариза

    “Ринат өз үйінде болған…” – ІІМ мәлімдемесі

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.