1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Нұр-сұлтанда жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған директор ұсталды

    «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Агенттік елордалық балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болып табылады.

    2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген
    25,9 миллион теңгені жымқырған.

    Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

    қатысты посттар

    Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

    Фариза

    Полиция Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты түсініктеме берді

    Фариза

    Алматылық шенеуніктер зымыран қозғалтқыштарын сатпақ болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.