-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жамбыл облысында шенеунік өлі табылды

    Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы өлі табылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Талас аудандық әкімдігі қайғылы оқиғаның 2 қыркүйекте Қаратауда болғанын растады.

    Талас облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Кемелұлы Берік өз көлігінің жанында атылғаны, оған тиген оқ марқұмның атына тіркелген қарудан атылғаны анықталды. Аталған мән-жайлар бойынша тергеу жүргізілуде, — деді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар, облыстық әкімдік хабарлағандай, «осы бөлімнің бұрынғы бастығы Нұрлан Күдертаевқа қатысты тергеу өткен жылдың аяғында басталып, бүгіндері ол қамауда отыр».

    2 қыркүйекте Талас аудандық ішкі істер бөліміне Қаратау көшелерінің бірінде оқ жарақаты бар белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл адамның аудан тұрғыны екенін анықтады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің басқа мән-жайы жария етуге жатпайды, — дейді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп салынады

    Фариза

    Түркістан облысындағы жаңартылатын энергия көздері туралы қысқаша сұхбат

    Фариза

    Қызылордада 42 мыңнан астам адамға 42 500 теңге тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.