-3.1 C
Алматы
Понедельник, 11 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар Жемқорлық

    «Президент жолдауының 2 жылдық көрсеткішінде қитұрқы әрекеттерге куә болдық»

    Барлық билік өкілдері барша қазақстандықтар секілді қарапайым азаматтар екенін және халық үшін жұмыс істеуге міндетті екенін ұмытпау қажет. Тоқаев биліктің дұрыс моделін бюрократиясыз, толық цифрландырылған түрде айқын көреді. Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында елге басшылардың жаңа тобы қажет екенін алға тартты. Дегенмен, Прзезиденттің енгізбек болған бұл өзгерісіне сыни көзбен қарайтындар көп. Мәселен, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан олигархтардың Президент тапсырмаларын теріске шығаруға тырысатындығын айтып пікір қалдырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Қоғам қайраткері — Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында жолдауға қатысты былай деді:

    «Бүгін Ел президенті Тоқаев мырза біраз тиімді нәрселерді айтып кеткені рас. Бірақ оған қарамастан олигархат оның тапсырмаларын жоққа шығаруға тырысады, ол да айдан анық. Өткен 2 жылда біраз саботаж бен қитұрқы әрекеттерге куә болдық қой. Яғни орынды сөзден нақты іске көшу — бүгінгі таңда ең қажетті өнер. Халық сонда ғана сапалы өмірге қол жеткізе алады.»

    Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында өз жұмысын тыңғылықты атқара алмайтын шенеуніктерден отставкаға кетуін сұраған еді.

    Мемлекет басшысының қолға алған істеріне күмәнмен қарайтын, жұмысын атқара алмайтын, президенттің тапсырмасын орындаудан жалтарып, мүмкін бұғып-қашып жұмыс істегісі келетін шенеуніктер бар шығар, олардың кез келгені, меніңше, орнын босатуы тиіс деп санаймын. Біз қазір ел дамуының шешуші кезеңіне аяқ бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуге міндетті. Тек осы жағдайда ғана біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз, деп ескертті Мемлекет басшысы.

    Ал ҚР Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов болса, қазақстандық шенеуніктер арасында қызметінен өз еркімен кетіп, бизнеспен айналысып жүрген адамдардың бар екенін айтады. Бірақ мұны жаппай құбылыс деп бағалауға болмайды дейді.

    – Елімізде VIP-тұлға дейміз, яғни жоғары лауазымды атқамінерлердің қызметін тастап, бизнеске ат басын бұруы ілуде бір кездесетін жағдай. Ондайлар көп емес. Керісінше, біздің шенеуніктердің майлы да жайлы орнында отырып-ақ, бизнесін дөңгелете беретіні ешкімге жасырын емес.

    Иә, елімізде жыл өткен сайын шенеуніктер қызметінен кетсе де қазынаның ақшасына қол сұғуын доғармай отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі өршімесе, азаймай тұр. Шенділердің арасында бизнеске кетіп жатқандары бар шығар. Бірақ олардың бизнесі айналып келгенде мемлекеттік сатып алулар, одан қалды тендерлерді жағалайды. Өйткені бұл тойымсыздар “бармақ басты, көз қыстымен” тендерді қалай алуға болатынын, кімге, қандай “отметкасын” беруді біліп алған ауыздары майлы қу шенділер.

    Осындай былықтардың ортасында отырған кейбір шендіні жұмыстан шығармақ түгілі, орнынан қозғай алмаймыз. Неге? Белгісіз! Негізі, жен ұшынан жалғасқан жемқорлықты доғартпай тұрған «майлы шенділер» өз еркімен жұмысынан бас тартуы тиіс. Бірақ бізде “портфелінен” өз еркімен бас тарта қоятындар өте аз. Өйткені билікке келгендердің көздейтіні не? Әрине, байлық! Сондықтан, бүгінгі ел Президентінің Жолдауында айтылған сын — өте орынды!

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Байбек пен Нығматулин тексеріліп жатыр – БАҚ

    Фариза

    «Жаратқанның ісіне араласу күпірлік болар» Нұрлан Ноғаев қуаңшылық келесі жылы да жалғасуы мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    Қызылорда: Жалағаш ауданында егін жинау науқаны 5 қазанда аяқталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.