4 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі

    Жамбыл облысындағы 22 мың гектар пияз алқабының 13 300 гектары Шу ауданына тиесілі. Қазір алқапта жиын терін жұмыстары жүргізілуде. Дала жұмыстарымен аудан әкімі Нұржан Календеров арнайы барып танысты.

    Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында жер баптап, пияз еккендердің бірі — Рашид Юлин. Ол Қордай ауданының тұрғыны болса да Шуға келіп бақша дақылын өсіріп жатыр.

    Көктемде 34 гектар алқаптың 5 гектарына ерте пісетін пияз сұрпының тұқымын сепсе, қалғанына кеш пісетін сұрып орналастырылған.

    -Шаруалардың өсіріп жатқан голландиялық тұқымның бұл түрі мол өнім беріп қана қоймай көкөніске келетін ауруларға төтеп береді. Сондай-ақ, пияз біркелкі өсіп, техникамен жинауға да ыңғайлы -дейді «Enza Zaden Kazakhstan» серіктестігінің өкілі.

    «Бонус» деп аталатын голландиялық бұл сұрыптың түрін шаруалар осы серіктестіктен алған. Алқаптың барлығы да тамшылатып суару технологиясы арқылы ылғалдандырылып отыр. Бүгінде пияздың ерте пісетін сұрпын жинау қарқынды жүріп жатыр.

    Жергілікті тұрғындардан құралған жұмысшылар жинаған қабына байланысты күнделікті 8 мың теңгеге дейін табыс табады. Қазір мұнда әр гектардан 90-100 тонна өнім жиналуда. Техникалар жеткілікті,70-ке жуық адам жұмыспен қамтылған. Аудан басшысы Нұржан Календеров шаруалардың жұмысын жоғары бағалады.


    – Биыл өнім жаман емес. Қазіргі жиналған өнімнің келісін 75 теңгеден Ресей еліне жөнелтіледі. Жұмысшылардың барлығы жақын маңдағы ауыл тұрғындары. Тиісті жалақыларын еңбектеріне қарай төлеп жатырмыз, – деді диқандар.

    Сондай-ақ, аудан әкімі Нұржан Календеров Мойынқұм ауылындағы «Зам-зам» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Мұнда 40 гектар жерге алманың 36 түрі, жүзімнің 30 түрі өсіріледі. Сонымен қатар қожалықта алхоры, шабдалы жемістерінің италияндық, франциялық сорттары да бар. Бағбан жинаған өнімдерін аудан орталығындағы дүкендерге нарық бағасынан төмен бағада өткізеді екен. Қазіргі кезде бағбан өзінің отбасымен бірге 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

    -Жиын-терім басталған уақытта жұмысшылар саны тіптен арта түседі. Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді» дегендей, еңбектің түбі әрқашан береке болатынын бағбанымыз дәлелдегендей. Жалпы Шу ауданында кәсіппен айналысам деушілерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетілуде. Бұл бірінші кезекте тәуелсіздігіміздің жемісі,-дейді қожалық иесі Мирислам Аллахмиранов.

    қатысты посттар

    «АУАДАН ВИРУС СЕБІЛЕДІ» ДЕГЕН ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН АЗАМАТША ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар мұғалімдерді марапаттады

    Фариза

    Шымкент: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.