-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қыздарымыз үшін қорқамыз – ауған қазақтарының үндеуі

    Ауғанстаннан Қазақстанға көшкен азаматтар қазір сол жақтағы туысқандары үшін алаңдап отыр. Сондықтан ауғаннан келген қандастар Президенттен туыстарын Қазақстанға көшіріп беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Информбюро порталына сілтеме жасап.

    Түркістандық Мұхаммед Құрбан 1968 жылы Ауғанстанда туып, 20 жылдай сол жақта тұрған азамат. Ауғанстанда соғыс болған кезде Иранға көшіп, 1993 жылы Қазақстанға оралған. Оның айтуынша, қазір Ауғанстанның кем дегенде алты қаласында 30-дай отбасында 150-дей қазақ өмір сүріп жатыр.

    Мұхаммед Құрбан, ауғаннан оралған қазақ:

    Герат, Халилауа, Құндызда, ПолХомриде, Мазар Шарифте, Шұбырғанда қазақтар бар. Осы қалаларда үш-төрт отбасыдан қалған.

    Мұхаммед Құрбан Қазақстан азаматтығын алса да ондағы туыстарынан қол үзбеген. Сауда-саттық жасап, Ауғанстанға жиі барып тұрыпты. Ол кешегі төңкерістен соң сонда қалып қойған жақындарына алаңдап отыр. Өйткені көшеге шығудан қалып, үйде қамалып отырған туыстары одан жиі көмек сұрайды екен.

    Видеоүндеуде кейуана қазақ жұртынан көмек сұрайды:

    Қамалып отырмыз. Жан-жақты басып алды. Көшеге шығудан қалдық, қыз балалар үшін қорқып отырмыз. Айналайын, далада қалмасын, осы балаларды көшіріп алыңдар, барғанда көмек қыласыңдар ғой, көмектесіңдер. Қазақсыңдар ғой, көмектесіңдер. Қазақтың әруағын биік қылсын Алла!

    Ет жақындарына алаңдағандар ҚР Сыртқы істер министрлігінен көмек болса деп тілек білдіреді. Өйткені күннен күнге ушыққан Ауғанстандағы жағдай арқаны кеңге салуға мүмкіндік бермей отыр.

    Мұхаммед Құрбан, ауғаннан оралған қазақ:

    Осы бір-екі күнде хабарластым. Жағдайымыз өте қиын дейді. Тәліптер өз заңын жүргізіп жатыр. Әйелдер көшеде жүрмесін дейді. Қыздар мектепке бармасын дейді.

    Ал депутат Ерлан Сайыров Ауғанстан билігі құлап, дүрбелең басталғандықтан, ондағы этникалық қазақтарды елге қайтару қажет деп есептейді.

    Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

    Шетелдегі әрбір қазақ үшін біз күресуіміз керек. Әбір мемлекеттің моральдық міндеті бар. Шетелде жүрген қазақтарға көмектесу — Қазақстан үкіметінің моралдық міндеті деп есептеймін.

    Сарапшылар қазақтардың басым бөлігі Өзбекстанда тұратынын айтады. Одан кейінгі орындарда Қытайда және Ресейде екен.Сондай-ақ Түркіменстан, Иран, Қырғыз Республикасында да этникалық қазақтар бар. Ал Ауғанстандағы біраз қазақ Түркияға көшкенімен, онда қалғандары да аз емес. Нақты саны туралы ресми мәлімет жоқ. Ал елдегі дерекқор базасындағы мәліметке сүйенсек, 1,5 млн қазақ отанына оралған. Қазір шетелде 5 миллиондай қазақ тұрады.

    қатысты посттар

    Төс жемеген күйеу бала қандай кереметтен құр қалады?

    Жүректі жылытқан тұрғындар: Ақмола облысында бір ауыл жетімдерді асырап алған

    Ақтөбеде үйсіз-күйсіз жүргендер 800 млн теңге айналымы бар компанияның басшысы болып шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.