-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Жамбылдағы білім беру мекемелері толығымен «Ашық» бағдарламасына қосылған


     
    Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарына азаматтардың короновирусқа қарсы статусын анықтайтын «Ашық» бағдарламасы 100 пайыз орнатылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

     Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева айтып берді. Ол жаңа оқу жылына дайындық    жұмыстарының жүргізілу барысына тоқталып өтті.


    Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы отырысы барысында биылғы 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта өткізу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
    «Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 34 апта болады. Жаңа оқу жылында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска кию міндетті болады. Облыста білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік талаптарын күшейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарына азаматтардың короновирусқа қарсы статусын анықтайтын «Ашық» бағдарламасы 100 пайыз орнатылды»,-деді Д. Ускумбаеува.


    Облыс мектептерінде қызмет ететін педагогтардың 98,6 пайызы короновирусқа қарсы екпе салдырды. Жаңа оқу жылына дейін педагогтардың 100 пайызы екпе алуы қамтамасыз етілсе, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, мектептер дәстүрлі оқу жүйесіне көшетін болады.


    «Шектеулерді сақтай отырып, балабақшаларда 20-25 балаға дейінгі топтарда штаттық режимде жұмыс істеуге болады. Өз кезегінде мектептердің барлық 1-11 сынып оқушыларына қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып дәстүрлі оқыту форматын жүргізу, сонымен қатар колледждер мен ЖОО студенттері де осы форматта оқыту ұсынылатын болады.

    1 қыркүйекте болатын салтанатты іс-шара мектеп аумағында 1 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы «Әліппе» табысталады»,-деді спикер.
    Сондай-ақ, департамент басшысының айтуынша, 2-11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинетке барып, тақырыптық сынып сағатына қатысады. Сабақтың ұзақтығы 45 минут болып, күнделікті бағалау жүйесі әрі қарай жалғаса бермек.

    қатысты посттар

    Петропавлдағы мектепте ұйымдастырылған флешмобтан кейін оқушылар ауырып қалды

    Фариза

    Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

    Фариза

    ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.