1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда балық шаруашылығы дамыту бойынша ауқымды шаралар қолға алынуда

    Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы – балық шаруашылығы. Өңірде балық өнімдеріне нарықтағы сұраныстың жоғары болуына байланысты Меркі ауданындағы «Ибрагимова» ЖК  балық өсіруді қолға алып отыр. Ол үшін өткен жылдың соңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға форель өсіру жөніндегі жобасын ұсынған болатын. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлік иесі салым ретінде Меркі ауданындағы жер телімін ұсынды. Ал «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ тарапынан 20 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты талап етілді. Осылайша, жобаның бірінші кезеңінде кәсіпкер сұраған қаражат мақұлданса, екінші кезеңде қосымша тоған салу мен жайластыруға, жем мен шабақтарды сатып алуға және қажетті жабдықтарды қосымша сатып алуға 15 млн.теңге сомасына қосымша қаржыландыру жоспарланған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Сәтті жүзеге асқан жоба аясында маусым айында «Ибрагимова» жеке кәсіпкерлігі 5 мыңнан астам форель балығын тоғанға жіберді. Қазіргі таңда оның жіберген балықтары өсіп жетілу үстінде. Тіпті өсірген балықтарын сатып, пайда да көре бастаған.

    – Ал «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы өзіміздің кәсібімізді ашуға мүмкіндік алдық. Корпорация қаржылай қолдау көрсетті. Нәтижесінде бүгінгі күні балық шаруашылығын дамытып отырмыз. Қазіргі таңда өсірген балықтарымызды Меркі ауданындағы кафе-мейрамханаларға сата бастадық. Біздің өсіріп отырған «форель» балығының келісін 3500 теңгеден саудалап жатырмыз, – «Ибрагимова» ЖК  басшысы Азиз Рузиев.

    Жалпы, облыстағы 142 су айдынның 84-і 75 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілген. Ал қалған 58 су айдыны өз иелерін күтуде.

    Өңірде балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасындағы жоспарларды іске асыру барысында, балық өсіру тәлімбақтарының қуаттылығын арттыру қолға алынған. Бұған дейін облысымыздың аумағында шабақ өсіретін негізгі «Сандель» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер «А.Д. Чергенов» балық өсіру тәлімбағы жұмыс жасап тұрған болса, үстіміздегі жылы «Арнұр», «Қойшыбай-Ата» және «Алтын бұлақ» балық шаруашылықтары тәлімбақтарды іске қосып отыр.

    «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлімбағы 6 млн. дана шабақ дайындауға қуатты. Аталған шаруа қожалық 2020 жылы 2 млн дана шабақ өткізген болатын. Ал үстіміздегі жылы балық тұқымын өсіру үшін жалпы аумағы 2 га болатын Мәуке су тоғанын 9 млн теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізіп аяқтады. Бүгінгі таңда су тоғанына 2 млн. дана дернәсіл жіберсе, алдағы кундері 1 млн. дана ақ амур дернәсілін жіберу жоспарлауда.

    Жеке кәсіпкер «Чергенов А.Д.» 4 мың дана шабақ, және 3 млн. дернәсіл өткізді. Бұл тәлімбақтың қуаттылығы 500 мың дана шабақ және 5 млн. дана дернәсіл дайындауға жетеді.

    «Қойшыбай-Ата» ШҚ-ы да үстіміздегі жылы Талас өзенінінң бойынан балық өсіру тәлімбағының құрлысын аяқтап, 1 млн. дернәсіл жіберген болатын. Бұл көрсетекішті алдағы уақытта 2 млн. ға жеткізу көзделуде.

    Оның ішінде тағы бір ерекше жұмыстар жүргізіп отырған «Алтын бұлақ» балық шаруашылығы тұқы тұқымдас балық өндірудің көлемін биыл 50 тоннаға жеткізсе, су айдындарының көлемін арттырып, тәлімбақтың құрлысын аяқтаған. Нәтижесінде бүгінгі күні 3 млн дернәсіл айдынға жіберілді. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 6 млн ға жеткізуі үшін қосымша 18 га сүзгілеу алаңы берілген.

    Сондай-ақ, үстіміздегі жылы «АрНұр» балық шаруашылығы Талас өзенінің бойынан уылдырықтан шабақ өндіретін цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда 95 пайыз жұмысты аяқтаған. Шілде айында Дания мемлекетінен форель балығының уылдырығын тапсырыспен алдырып, қыркүйек айында 200 мың форель шабағын өндіруді мақсат тұтқан.

    қатысты посттар

    Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі спорт нысандарын аралады

    Фариза

    Облыс әкімі құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.