4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Әйелін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған: Қостанайда ер адам сотталды

    Қостанайда отбасылық жанжал кезінде әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.


    Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жұбайын өлтіргені үшін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тұрғыны М. сотталды. «2021 жылғы 6 наурызда М. Әулиекөл ауданы Лаврентьевка кентінде болған жанжал барысында ол әйелін басына таққан орамалымен қылқындырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында М. әйелінің мәйітін ескі құдыққа лақтырған» деп хабарлады облыстық сот. М. кінәсі оның мойындауымен, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді. «М-ның бірінші рет сотталып отырғанын, кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін, кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоғын ескере отырып, сот оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші тарапқа моральдық зиянды өтеу есебінен 5 млн теңге және 500 мың теңге өкілдік шығыстар өндіріп алынды», — деп қорытындылады сотта. Үкім заңды күшіне енген жо

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    «Мені адам құрлы көрмей, дөрекі сөйлеп тұрсыз» Бозымбаевтың тұрғындармен әңгімесі видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Құрбандық шалатын жерлерде жұрттың жаппай жиналуын болдырмау керек — Президент

    Фариза

    «Жыныстық қатынасқа түспек болған» Аягөздегі балаларға арналған арнайы орталықта тағы дау шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.