Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Қазақстанда экономистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда

    Әлеуметтік өмірді цифрландыруға байланысты деректер туралы білім экономиканың барлық салаларында сұранысқа ие. Әлемде осы сала бойынша мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған орай, Қазақстанда жоғары білім берудің жаңа мамандығы — экономика және деректер туралы ғылым саласындағы іскерлік әкімшілендіру бакалавры М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде ашылады. Экономика саласында деректерді талдау маманы көптеген материалдарды өңдей алады.

             Осы бағдарламаның арқасында студенттер бизнес, дата-менеджмент, кодтау, визуализация және аналитиканы, бизнес пен ұйымдардың міндеттерін шешу үшін экономикалық талдау және IT дағдыларын қалай қолдануды үйренеді. Бағдарлама түлектері экономика, продакт менеджмент, бизнес аналитика, IT, маркетинг және сату салаларында жұмыс істей алады.

             «Мойындау керек, менің кейбір әріптестерім — өз ісінің мамандары экономика мен деректер туралы ғылымды бірден үйренуге болатынына күмәнданады. Шын мәнінде, біздің деректермен жұмыс істеуіміз — бұл заңдардың жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін түсінуге тырысу, болмаса неге екенін зерттеу. Бұл экономиканы, бизнесті және деректер ғылымын біріктіретін қазіргі заманғы бизнес-экономика. Деректер туралы ғылым блогын қамтитын BBA in IT бағдарламасымен синергияның арқасында курстар мүмкін болды. Біздің студенттер өздерінің негізгі мамандықтарымен қатар маркетинг саласында қосымша мамандандық иесі атану мүмкіндігіне ие болады», — деп түсіндіреді КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебінің деканы Сәуле Кемелбаева.

             Бағдарлама: жаһандық та, ұлттық та контексте экономикалық және іскерлік орта туралы ,білімді көрсетуге; түрлі экономикалық құбылыстар мен саясатты талдауға және тиісті ұсынымдарды әзірлеуге; бизнес пен экономикадағы міндеттерді шешу үшін деректерді дербес жинауға, өңдеуге, талдауға, визуализациялауға және түсіндіруге; бизнес-экономика саласында IT дағдыларын тиімді пайдалануға; бизнес үшін IТ индустриясы ұсынатын мүмкіндіктерді түсінуге мүмкіндік беретін түлектерді даярлауға бағытталған. Бағдарлама толығымен ағылшын тілінде ұсынылады.

    қатысты посттар

    Министр Қазақстанда автокөлік неге қымбаттағанын түсіндірді

    Фариза

    Жүктілерге 425 мың теңге төлене ме? Министр жауап берді

    Желге ұшқан теңге… Халықта неге монета жоқ?

    Пікір қалдыру

    19 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.