15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Теңіз кен орнында вакцина салдырған әйел есінен танып қалды

    Теңіздегі вахта кенттерінің бірінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін әйел адам есінен танып қалды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Ақжайық порталына сілтеме жасап.

    Видеоға қатысты “Теңізшевройл” компаниясының баспасөз қызметі түсінік берді.

    «Қазір есінен танып қалған әйелдің жағдайы бірқалыпты, ол толық медициналық тексеруден өтеді. Ал денсаулық жағдайы жақсарған соң емханадан шығарылады» деді баспасөз қызметінің өкілі.

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегінше, есінен танып қалған әйелде бұған дейін эпилепсия ауруы тіркелген. Ал ұстамасы ол Спутник V вакцинасының екінші компонентін салдырғаннан кейін басталған.

    “Ол бірінші компонентті 2021 жылдың 5 маусымында алған. Вакцина алуға өз еркімен келісім берген. Денсаулығына шағым болмады. Алайда ол тұрғылықты жері бойынша невропатолог тіркеуінде тұрғанын жасырып қалған. Қазір оның 2010 жылдан бері эпилепсиямен ауыратыны анықталды» делінген хабарламада.

    Әйел 4 шілдеге дейін дәрігерлер қадағалауында болды. Оған бастапқыда пункт медицина қызметкерлері шұғыл көмек көрсетіп, кейін емханаға жеткізілген.

    қатысты посттар

    Ағаділдің туысы: Дулаттың ұлына үш жерден пышақ сұққан

    Фариза

    Таңдайдағы қарияның жұмбақ өлімі: тұрғындар мұғалімінің мектепке оралуына қарсы

    Фариза

    «Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.