Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде Біріккен Араб Әмірліктеріне екі адамға жолдама ойнатылып жатыр. Акция 11 шілдеге дейін жалғасады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Instagram-парақшасында жариялады.
«Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің «вакцина ал — жүлде ал» науқанымыз жалғасып жатыр. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-ге екі адамға жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификатты қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігі беріледі. Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз», — делінген жазба сипаттамасында.