-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Вакцина құрамында магнит бар» — желіде тағы бір ақпарат талқыланып жатыр

    Қазақстандықтар Telegram-да вакцина құрамында магнит бөлшектер бар екені туралы теорияны тағы да таратып жатыр. Бұл жолы «дәлел» ретінде доктор Джейн Рубидің сұхбаты алынған. Ол магнит бөлшектер вакцина құрамындағы mRNA-ны адам ағзасындағы жасушаларға «итеру» үшін қажет деп мәлімдеген, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz .

    Портал мәліметі бойынша, шын мәнінде Джейн Руби дәрігер емес. Ол өзін денсаулық сақтау экономисті және психология докторы дәрежесі бар саяси сарапшы ретінде таныстырады.

    Бұған дейін ол COVID-19 пандемиясына байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін байқалған. Бұл жолы ол COVID-19-дың алдын алуға арналған препараттар өндірісінде магнит бөлшектер әдейі қолданатынын мәлімдеген. Ол вакцина алған адамдардың қолына магниттің тартылу «құбылысын» осылай түсіндіреді, делінген порталда.

    Қазіргі уақытта ғалымдар ДНҚ вакциналарын өндіруде қолдануға болатын суперпарамагнитті нонобөлшектерді зерттеумен айналысып жатыр. Алайда ДНҚ платформасында жасалған бірде-бір вакцина жоқ. Сонымен қатар, суперпарамагнитті нанобөлшектерді қолдану тек зерттеу сатысында және дәрі-дәрмек өндіруде қолданылмайды.

    Портал ақпаратына сүйенсек, Pfizer/BioNTech және Moderna сияқты мРНҚ вакциналарында липидті нанобөлшектер жасушаларға мРНҚ-ны жеткізу үшін қолданылады. Олар магниттік қасиетке ие емес және ағзаға зиян келтірместен қысқа уақыт ішінде ыдырайды. Басқа вакциналарда, соның ішінде Қазақстанда қолданылатын екпелерде магнит бөлшектер жоқ.

    қатысты посттар

    78 жастағы қарияны ұрып-соққандар емін-еркін жүр. Полиция оларды қамауға алмаған

    Фариза

    «Ұрып-соғып, жағын таңып тастаған»: Жамбыл облысында дәрігер мүгедек науқасты соққыға жыққан

    Фариза

    Қарағанды облысында дәрігерлер науқасқа мас күйінде келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.