-3.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Өз тәнін сату үшін барған деген өсек шығып жатыр» Аяжан Еділованың адвокаты тергеу барысы туралы сұхбат берді

    Қорғаушының сөзінше, күдікті Төребековтен туыстары да бас тартып отыр.

    Аяжан Еділованың ісі бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлы 31-арнаның «Ащы да болса, ақиқат» бағдарламасында журналист Ирина Советжанқызына сұхбат берді. Адвокат сұхбатының өзекті тұстарын ықшамдап ұсынып отырмыз. 


    Қысқаша түсініктеме: 19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жұмыстан шығып үйіне оралмаған. Кейін бойжеткен өлі күйінде табылды. Ол аяусыз қастандықпен өлтірілген. Күдікті – 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны. Қылмыстық іс қозғалғалы төрт айға жуық уақыт өтті. 


    Қадыржан Ғалымжанұлының сөзінше, орта есеппен 25 сараптама тағайындалған. Оның жартысына жуығына жауап келген. Қалғандарына жауап келмеген себебі – сарапшыларға қойылған сұрақтар өте күрделі. Адвокат мұндай іспен сарапшылардың өздері айналыспаған болуы керек деген тұжырым жасап отыр.

    «Өзінің тәнін сатты» деген қауесет – өсек

    Күдіктінің пәтеріне Аяжанның «өз тәнін сату үшін барған», «ақшаға келіскен» деген сияқты өсек шығып жатыр. Адвокат алып-қашпа сөздерге қатысты субъективті пікірін айтты.

    «Блогер досының хабарламасын жібергенде бартер туралы айтқан. Бартер болса неге үйіне барды деген «интернет сарапшылары» пайда болды. Енді өзімнің таза субъективті пікір-болжамымды айтайын. Аяжан өзінің негізгі жұмыс орнынан шығып, күдікті Төребековтің үйіне өлшем жасауға барған. Сол жоспармен үйіне кірген. Әрі қарай не болғаны тергеушілерге мәлім. Ақиқатқа сай келетін фактілермен, уақытпен есептелген болжам осыған тура келеді. Өзі жұмыстан 20.43-те шығады. Танысына бартер бойынша жазады. Жүріп жүрген жігітіне «сағат онда осы жерде боламын» деп жұмыс орнын көрсетеді. Егер Аяжан халық айтып жатқандай арам оймен барған болса, бартер жайлы, жігітіне сағат онда салонның қасына негізгі жұмысына кел деп айтпайтын еді. 1 сағат 17 минутта арам пиғылы бар кісілер ондайға үлгермейді. Шындыққа сәйес келмейді. Болжам осындай», – деді Қадыржан Ғалымжанұлы.

    «Тергеу тобы жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр»

    Тергеу жұмыстарына Алматының сегіз ауданындағы білікті прокурорлар қосылып қалалық прокуратурада тергеу тобын ашқан. Алматы бойынша аса қылмыспен айналысатын білікті 15 прокурор бұл іспен жұмыс істеп жатыр. Адвокат мамандандырылған прокуратура жұмысына «өте ауқымды, жоғары деңгейде жүріп жатыр» деген баға береді.

    Оның сөзінше, прокуратураның «қолы ұзын» және ашық. Қазақстан деңгейінде кез келген бейнероликті ала алады. Ал күдікті Төребеков кіммен сөйлесіп, кіммен хабарлама алмасқанын анықтау үшін тергеу стандарты бар. 

    «Хабарлама түсті. Тергеу тобы оқиға орнына барды. Мәселе анықталғаннан кейін барып іс аса ауыр санатқа өтті. Қылмыс орнында прокурор болған-болмағанын айту екі талай. Санкцияны алу үшін міндетті түрде прокурор сол жерде болуы керек деген түсінік жоқ. Өзінің орналасқан жерінен де қаулыға қол қойып, рұқсатын берсе болады», – деді адвокат.

    Қорғаушы негізгі локация еріктілердің көмегімен табылды деген болжам айтты. Ал Аяжанның туыстары қызды Алғабас жақтан, жер үйлерден іздеген. 

    Күдікті қандай бап бойынша тергелуде?

    Қадыржан Ғалымжанұлының сөзінше, қылмыстық іске әзірге «аса ауыр түрде адам өлтірді» деген қылмыстық бап белгіленген.

    «Тергеу істі адам өлтіру бойынша ғана қарастырып жатқан жоқ. Мысалы, адам өлтіру бар, зорланды ма, зорланбады ма, адамның дене мүшесін сатты ма, сатпады ма, қандай діни ағымда болған, бұған дейін не істеген, жалпы кешенді түрде қарастырып жатыр. Бұл тергеудің стандарт әрекеті», – деді қорғаушы.

    Ал күдікті боп танылғаннан кейін оның тергеу процесі былай жүреді: әке-шешесінен, бауырларынан, сыныптастарын, балабақшаластарынан, колледжде және университетте оқыған барлық группаластарынан Төребековтің қандай адам болған, немен айналысқан, неге қызыққан, оқудағы қабілеті қандай, осы сияқты сұрақтарға кезең-кезеңімен жауап алынып, мінездеме жасалады. Кез келген қылмыс бойынша тергеудің атқаратын қызметтері осындай.

    «Бұл істе күдіктінің қасында тағы бір адам болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатыр. Бірақ нақты айғақ, дәлел жоқ. «Бөлшектері сатылды», «қасында біреу болды», «бұл бірінші рет емес» деген – біздің күдіктеріміз. Нақты дәлел болмағаннан кейін оны іске қоса алмай отырмыз. Жәбірленуші тараптан барлық күдіктерім жазылып, өтінішхат ретінде жіберіліп жатыр. Бірі қарастырылады, бірі қарастырылмайды. Заң саласы солай», – деді адвокат.

    «Күдіктінің туыстары одан бас тартып отыр»

    Адвокат күдікті туыстары әкесі-шешесі, туыстары Төребековтен бас тартып отырғанын айтады. Сөзінше, оған мемлекет тарапынан қорғаушы тағайындалған, туыстары адвокат алып бермеген.

    «Сондай әрекеттеріне қарап туыстары бас тартып отыр деген баға бердім. Адами тұрғыдан қарасақ, ол кісілерге де ауыр. Өздері тәрбиелеген бала осындай қылмыс жасап отыр», – деді Қадыржан Ғалымжанұлы.

    Бұл іс сараптама қорытындылары шыққан соң және тиісті адамдардан жауап алынған соң ғана сотқа жіберіледі.

    Дереккөз: Informburo.kz

    қатысты посттар

    Құтқарушылар Шымкент қаласының тұрғынына сақинаны шешуге көмектесті

    Фариза

    Мешіт мүфтилері коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

    Фариза

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.