33.5 C
Алматы
Вторник, 29 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында жоғалған жеті туристтің соңғысы өлі табылды

    Сайрам-Өгем шатқалынан адам денесі табылды, деп хабарлайды Qazweek.kz со ссылкой на zakon.kz.

    Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем шатқалынан адам денесі табылды. 22 маусымда сағат 11:50-де іздеу жұмыстары кезінде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің қосылған жерінен жоғары екі шақырымнан адам денесін тапты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

    Оқиға орнына «Қазәуеқұтқару» АҚ тікұшағы шықты. Мәйіт сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

    Іздеу жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оларға 107 қызметкер, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 ит және бір тікұшақ қатысты.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда сағат 18: 30-да «112» басқару пультіне 7 туристің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздеулер 27 күн бойы жүргізілді. Бұған дейін жоғалып кеткен үш турист табылып, құтқарылған болатын. Кейіннен үш туристің денесі де табылып, енді біреуі табылмай жатыр еді.

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауға дайындықсыз шықпауға шақырады.

    қатысты посттар

    Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

    Фариза

    «Жұрттың баласы» — қазақтың басты жауына айналған құлдық сана

    Фариза

    «Жыныстық қатынасқа түспек болған» Аягөздегі балаларға арналған арнайы орталықта тағы дау шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.