Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда босанатын әйелдерден пара алған акушер-гинеколог сотталды

    Алматыда акушер-гинеколог босанатын әйелдерден ақша алып келген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    3 маусымда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының үкімімен мына адамдар сотталды: Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Г.Ж. Бодыковқа 27 млн 300 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды; жеке медициналық ұйымдардың акушер-гинекологы В.И.Быковский 3 жылға бас бостандығына шектеу жазасы кесілді.

    Бодыков 2020 жылы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы наурызға дейін Быковскийдің делдалдық етуімен Перинаталдық орталыққа босандыру үшін және босану кезінде қолайлы жағдай жасағаны үшін босанған бес әйелден және олардың туыстарынан жалпы сомасы 780 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 615-бабына сәйкес), деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

    қатысты посттар

    Алматы облысында жоғалған 7 жастағы қыз бала жертөледен табылды

    Фариза

    42 500 теңге алушылар үшін кезекті төртінші өзгеріс енгізілді

    Фариза

    Павлодарда жоғалып кеткен ағайынды екі адамның мәйіті табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.