-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдағы қос қуаныш

    Жамбыл ауданы Аса ауылында 76 пəтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үйдің құрылысын «Бином» ЖШС бір жылдааяқтаған. Жоба құны 599 миллион теңге.

    Бес қабатты тұрғын үйде 36 бірбөлмелі, 16 екі бөлмелі, 24 үш бөлмелі пəтерлер бар. Пәтер кілтіне иеболғандардың дені жетім бала, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеуліазаматтар.

    Облыс əкімі Бердібек Сапарбаеваудан тұрғындарын қоныс тойыменқұттықтады.

    — Биыл облыста 650 мың шаршыметрден аса тұрғын үйді пайдалануға беру көзделуде. Бүгінде Жамбыл ауданында пəтер кезегінде 1019 адамтұр. Сол кезекті азайту мақсатында Аса ауылында тағы төрт көпқабатты тұрғын үй салынып, 320 адамды пəтермен қамтуды ойлап отырмыз. Бұдан бөлек, 7 елді мекенде екі мыңға жуық жер телімінберу жоспарлануда. Аса ауылындағы 811 жер теліміне инфрақұрылым тартужұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыста «Асарлатып үй салу» жобасыбиыл да өз жалғасын табатын болады. Оны біз демеушілердің күшімен жүзеге асырудамыз, — деді аймақ басшысы.

    Өз кезегінде жаңа қоныс иесі, жетібаланың анасы Айнұр Бегалиева өз қуанышымен бөлісті. Ол тоғыз жылданбері үй кезегіне тұрып келіпті. «Əсіресе балаларым қатты қуанып жүр. Бұған дейін пəтер жалдап келсек енді өз үйіміздің болғанына сене алар емеспіз. Қуанышымызда шек жоқ», — дейді ол.

    Сондай-ақ,  бұл күні Жамбыл ауданыШоқай ауылына таза ауыз су берілді. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевжұмыс сапары барысында аталған ауылдағы жүргізілген таза ауыз су жүйесінің құрылысымен танысты. Өткен жылдың наурыз айында басталған құрылыс жұмыстары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілген.

    Халық қажетіне берілетін игілікті тиістіталаптарға сай орындаған «Болат-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 тұрғыны бар ауылға 15 шақырымды құрайтын су құбырын тартып, 160 аулаға су жіберу бойынша тетіктер орнатқан.

    Ауыл болып құрылған 70 жылдан беріқұдықтан су ішіп келген тұрғындар бұл оқиғаның тамаша тарту болғанын айтуда.

    — Соңғы кездері ауыз судың құрамы да өзгере бастаған еді. Мінекей, бүгін тұрғындардың талай жылғы арманының орындалғанын көріп отырмыз. Ауылжағдайы жыл санап жақсарып келеді. Биыл ауылда клуб салынса, «Жомарттүлек» жобасы аясында ауылға арка орнатылды. Енді оқу ордасының құрылысы басталмақ, — деді шоқайлық Исмайл Ходжумуратов жақсы жаңалықтармен бөлісіп.

    Бердібек Сапарбаев су мұнарасын аралап, қондырғылардың жай-күйін барлады.

    қатысты посттар

    Жуалыда ғылыми негізде элита тұқымын өндіретін шаруашылық құрылды

    Фариза

    Шымкент: цитадельдегі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Фариза

    Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.