15 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте журналистерге өзінің отставкаға қашан кететіні жөнінде айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

    «Министрдің қарамағында жұмыс істеген орынбасар Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, Райымқұлова отставкаға кетуге дайын ба?» деген сұраққа министр былай жауап берді: 

    «Конституцияға сәйкес кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Ең алдымен, кінәні дәлелдеу керек. Егер кінә дәлелденсе, онда, әрине, заңға сәйкес, мен отставкаға кетемін. Бірақ, бұл кінә дәлелденген жағдайда», – деп қайталады Мәдениет министрі. 

    Еске салайық, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. 

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Шымкент соты “403 млн теңге жымқырған” шенеунікке 4,5 млн теңге айыппұл салды

    “Билік өзін қорғау үшін төмен әрекетке барып отыр…” Экс-президенттің қызы жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті

    Миллиондардың сағатын тағып, киімін киген шенеуніктер жұмыстан кетеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.