16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Нұр-Сұлтанда шенеуніктің ұлы баланы қағып, қашып кеткен

    Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, қашып кеткенін көргенін жазды. Көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы болғанын да айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігіTengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Жай ғана жасырынған емес, фитнес-орталықтың маңына тұрақтап, одан әрі спортпен шұғылданбақ болды. Абырой болғанда, жақын маңда жүрген тағы бір қызбен оның есін жиып, жол полициясы мен зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырдық”, – деп жазды ол.

    Сондай-ақ, әйелдің айтуынша, көлік тізгінінде шенеуніктің ұлы отырған.

    Полиция аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

    “30 сәуірінде сағат 15.13-те Toyota Camry маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен Сығанақ көшесі жағынан №2 үйге қарама-қарсы қозғалып бара жатып, 2004 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні жолдан белгіленген орында жүгіріп бара жатқанда қағып кетті”, – деді полиция өкілдері.

    Қазіргі уақытта зардап шеккен бала ем қабылдап жүр.

    “Алған жарақаттарының ауырлық дәрежесі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Аталған факт бойынша тергеу жүріп жатыр”, – деді полицейлер.

    Іс Нұр-Сұлтан полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтанда төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

    Фариза

    Қоқыс маңынан табылған бала: 19 жасар ана қызын қалай өлтіргенін айтып берді

    Фариза

    Ауылдас досының әйелін зорлап өлтірген сотталушы түрмеде асылып қалды

    Пікір қалдыру

    four × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.